Егіндікөл ауданына “Nur Otan” партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат, “Орленок” ЖШС директоры Павел Безвербный үгіт-насихат миссиясымен келді.
Жаңа жыл қарсаңында Мәжіліс депутаттығына үміткер егіндікөлдіктермен кездесіп, «Өзгерістер жолы – әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, аудан тұрғындарына көрнекі үгіт материалдары үсынылды. Осы материалдарда дамудың ең маңызды басым бағыттары осы “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты.
Павел Безвербныйдың “Шарафутдинов и К” ЖШС-не сапары жалғасты, онда осы серіктестіктің қызметкерлерімен өзекті мәселелер талқыланды: медициналық қызмет көрсету, балалардың бос уақытын тиімді өткізу жағдайларын жасау, күнделікті тұрмысқа байланысты мәселелер. Бұл ретте өз күшін нақты істерімен дәлелдеген “Nur Otan” партиясына деген халық сенімі жоғары болып қала береді. Өйткені, әрбір жеке алынған өңірде, қалада немесе ауылда жасалып жатқан істердің барлығы партияның пәрменді саясаты, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың даму мен прогреске бағытталған саясаты.
Егіндікөлдіктермен қоштаса отырып, Павел Николаевич келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтап, 10 қаңтарда сайлауға қатысуға, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге және өздерінің болашағы мен үдемелі дамуы үшін “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды, өйткені бір командада бола отырып, кез келген сынақтан өтетіне кәміл сенімдеміз!
Ақмола облысы Егіндікөл ауданының “Nur Otan” партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.