Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

«Халықтың любимчигі» Азия мен Мәскеуде болмаған концерт өткізбекші

1113
Қайрат Нұртас

Қайраттың анасының айтуынша, әнші Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, Алматы Арена және Астана Аренаны көрерменге толтырған. Тек Қайраттан кейін ғана басқа әншілер осындай стадиондарға концерт бере бастады. 3D-шоу концертті де әнші бірінші болып Қазақстанға алып келген.

Қайраттан кейін мұндай концерттерді Ернар Айдар, Жігіттер тобы, Димаш өткізді. Мен баламның осылай жол сілтеп жатқанына қуанамын,

деді Айдарбекова ханым.

– Мұндай концерттерді Мәскеудің кез келген әншісі өткізе алмайды. Бұндай шараларға әдетте  бір ай бұрын билет сатыла бастайды.  Біздің уақытымыз өте аз. Бірақ Қайрат “халықтың любимчигі” болған соң, халыққа сеніп отырмыз дейді. Қайраттың осы уақытқа дейін жинаған абыройы бар ғой, аз уақыттың ішінде өтіп кететін шығар, –

деп уайымын жасыра алмады.

Бағдарлама тілшісінің концерттің құны туралы сұрағына әншінің анасы:

– Барлығын есептеп шығарғанда, концеттің жалпы құны 114 млн болды, –

деп жауап берді. Қазіргі таңда әнші мен оның командасы қызу жұмыс істеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз