Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Халық теңгеге сенеді және ұлттық валютаның нығаюын күтеді — Ұлттық банк сауалнамасы

328

Іріктеу “Қазақстан МҚБ” зерттеу компаниясының 1,5 мың қазақстандық арасында сауалнама жүргізу негізінде жасалды. Нәтижесі таң қалдырды.

Жалақыдан жалақыға дейін

2016 жылдың қаңтарында респонденттер инфляция 13%-ды құрайтын болады деп күткендігі анықталды, алайда ол 14% болған болатын. 2016 жылдың шілдесінде, соңғы 3 жылда инфляция деңгейі 17,8%-ға жеткенде, қазақстандықтар оны тек 13%-ға ғана бағалады.

Халық 2019 жылы қаңтарда инфляция 4,2%-ды құрайды деп күткен, ал шын мәнінде 5,2%-ға жетті

Адамдардың соңғы екі жылдағы табысы, шығындары мен несиелері туралы сауалнама қорытындысы тіпті қызық. Респонденттердің 50%-ы азық-түлік бағасының ұдайы өсіп отырғанын байқаған. 10%-ы ешқандай өзгерістерді байқамаған. Сұралғандардың шамамен 30%-ы қымбатшылықты атап өтті. Бағаның одан әрі өсуі бойынша болжам пайыздары да дәл осындай. Көпшілігі қымбатшылық біртіндеп орын алады деп санайды.

Кестеден көргендеріңіздей, сұралғандардың басым бөлігі жалақы мен жәрдемақыға өмір сүреді. Сыртқы табыс көздері барлар сирек.

Бұл ретте сұралғандардың 20%-ының отбасылық жалпы табысы 70-100 мың теңгені құрады. Осынша пайыз отбасы 150 мыңға дейін табыс табады. Айына 300 мың теңгеден астам жалақы алатындар — респонденттердің 10%-ы. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі соңғы жылы олардың отбасының материалдық жағдайы бұрынғы деңгейде қалғанын атап өтті. Бірақ сауалнамаға қатысқан адамдардың шамамен 40%-ы жағдайдың жақсаратынын болжайды.

Несиесіз өмір

Респонденттердің 20%-да ғана жинақ бар. Көбі ақшаны теңгелік депозиттерде сақтайды. Басқалары үшін ең жақсы сақтау тәсілі — қолма-қол ақша. Жылжымайтын мүлікті жинақ ретінде қазақстандықтар қарастырмайды.

Сұралғандардың шамамен 40%-ы жинақтардың ұлғаюын атап өтті, алайда көпшілігі үнемі ақша жинай алмады

Бір таң қаларлығы, респонденттердің жартысынан көбінде ешқандай несие жоқ. Ал несиесі барлар көбіне тұрмыстық техника немесе жиһаз алғандар.

Кредиттер бойынша ай сайынғы төлемдер ауқымы да өте қызықты. Қарыз алушылардың 4 тобының теңдей бөлігі 10-нан 20 мың теңгеге дейін, сондай-ақ 100 мыңнан астам теңгеде несие төлейді.

Ең таңқаларлығы, қазақстандықтар теңгеге сенеді. Сұралғандардың көпшілігі (60%-дан астам) ұлттық валютаның АҚШ долларына нығаюын күтуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз