Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Халық танымайды. Парламенттегі қартайған депутаттардың тізімі шықты

Мәселен,

Мәжілісмендер арасында 30 жылдай депутат болғандар бар екен.

72 жастағы Қуаныш Сұлтанов 30 жылдай депутат болып келеді. Сонау, Жоғарғы кеңестен бері санағанда әрине. Мұндай мәліметті REGNUM ақпарат агенттігі жариялады. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары түрлі лауазымдарда болған.

Кейін Сенатта, соңғы 5 жылдан бері Мәжілісте отыр. Абыройлы, тәжірибелі депутат, тек былтыр Астанаға Елбасының есімін берейік деген бастама көтеріп, біраз сынға ұшырады.

«Сүрінбейтін тұяқ жоқ, жаңылмайтын жақ жоқ. Депутаттар осында келгенде сүзгіден өтіп келеді. Сынақтардан өтіп келеді. Өмірде орны бар, табан тіреп тұратын табанының бүрі бар негізінен сондай адамдар келеді» – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов.

Ақпарат агенттігі жариялаған мына тізімде Қуаныш Сұлтановтан кейін Гүлжан Қарақұсова тұр. 14 жылдан бері депутат, 10 жыл бойы тапжылмастан төменгі палатада отыр.

Бұл кісі де ерекше темпераментімен танылған тұлға. Былтыр 6-шы шақырылым басталарда әріптестерін журналистерден қорғаймын деп, сөзінен сүрінгені болмаса, өмірде жолы болғыш депутат.

«Ребята, кто как содержаться, тот таки работает» – деген болатын ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова.

Мәжілістегі 6-шы шақырылымға сайланған 107 депутаттың 62-сі бұрын-соңды Парламенттің есігінен қарамағандар. Яғни су жаңа. Ал 31 адам 5-ші шақырылымнан қалыпты.

11 депутат 4-ші шақырылымнан келе жатса, 3 халық қалаулысы 3-ші шақырылымнан бері төменгі палатада отыр.

Мұхтар Тінікеев те Парламент құрылғалы депутат болып келе жатыр еді. Былтыр келеңсіз қылығы үшін мандатын тапсыруға мәжбүр болды.

Есесіне, оның орнын тағы қарағандылық жігіт, чемпион Серік Сапиев басты. Серік Мәжілістегі ең соңғы сайланған, су жаңа депутат. Ақпан айында келді. Боксшы болғанымен, әзірге жерлесі Тінікеев секілді ешкімге жуан жұдырығын көрсетен оқ.

«Мажилис не ринг конечно, но бои тоже бывают» – ҚР парламенті пәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин.

Төменгі палатадағы жасы ең үлкен депутаттар «Халықтық коммунистер» партиясынан сайланыпты. Мысалы, биыл Владислав Косырев 80 жасқа толады. Ал оның партияласы, президенттіктен үміттенген Тұрғын Сыздықов болса 70 жаста екен.

«Саясат деген үлкен өнер. Сол өнерді кім игеріп алса, сол өнерден кім жетістікке жетсе, сол өнерде жүре береді. Шетелде жүр ғой. 90-нан асқан депутаттар болды мысалы. Оларға ешкім кет деп жатқан жоқ. Керісінше, отыра тұр ақсақал деп жатыр. Қажетсіз деп жатады» – экс-депутат Камал Бұрханов.

Саясатта өнерлі адамдар өте көп. Соңғы сайлауда Атырау облысынан парламентке сайланған Бақытгүл Хаменовада өзіне тән шешен сөйлейтін өнерімен тез танылды.

«Қазақылықтың қайнар бесігі ауылдың бүгінде қойнауы малға толды, жері дәнге толды. Даңғыл жол салынып, көгілдір отын тартылды. Сарқыраған су келді» – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова.

Ғаламторға жарияланған мына тізімде 16 мәжілісменнің аты-жөні бар. Олардың ең көбі 30 жылдан бері депутат болса, Аманжан Жамалов, Бекболат Тілеухан, Нұрлан Әбдіревтер төменгі палада 8 жыл отырыпты.

«Қазақта екі нәрсе бар сатып алуға болмайтын, сұрап алуға болмайтын. Ол денсаулық Аллаға байланысты және абырой. Егер сондай абыройы болса, неге халыққа қызмет етпеске. Саясатты өнер ретінде білемін, жас па, кәрі ме қарамау керек» – экс-депутат Камал Бұрханов.
https://kaz.365info.kz/en-zhagympaz-deputat-nazarbaevtyn-esimin-konstitutsiyaga-kirgizbek-305536

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз