Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Халық не соқыр, не керең емес шығар”. Гүлзира Айдарбекова сынайтындарға жауап қатты

133

Бибігүл апамыз Қайрат жаман десе, мүмкін Қайрат жаман шығар. Бірақ оның бағасын халық береді.

Қайрат жалғыз емес деп ойлаймын. Сондықтан да біз қорықпаймыз. Айтып жатса, оның бәрін сын деп есептейік. Бибігүл апамызға ұнамаса амалымыз жоқ қой. Бірақ ұнамады екен деп ол кісіні… бәрібір де ол кісіні жақсы көреміз. Өйткені ел анасы деп құрметтедік, өкпеміз жоқ”, – деді Қайраттың анасы.

Бұдан өзге, продюсер-ана,

“Қайрат Нұртастың даусы жоқ, ол тек фонограммамен айтады”

деп сынаушыларға жауап берді.

“Халық шығармаса, мен оны қанша жерден ақшамен орап тастайын, даусына өтірік дауыс қойып қояйын, жұрт айтқандай фонограммамен айтады деп жатыр ғой, микрофонға өтірік дауысты салып қояйын, бірақ ол ондай болмайды ғой.

Фонограмма болатын болса, түк даусы жоқ болса, ол 1-2 жыл жүруі мүмкін. 4-5 әні хит болуы мүмкін. Ал енді Қайраттың қанша жүздеген әні, жылына жоқ дегенде 4-5 әні хит болып, осынша халықтың қалаулысы болуы, халық не соқыр не керең емес шығар деп ойлаймын. Біреулер үшін жаман болса жаман шығар, адам болғаннан кейін бәріне ұнай бермейді”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Анасы Қайраттың біреуден асуым керек деп опера айтып кетпейтінін мәлімдеді.

“Менің балам біреуден асуым керек екен деп опера айтады деп айта алмаймын. Сондықтан эстрада әншісі болса, Қайрат қандай, тура солай қабылдаңыздар”, – деді Гүлзира Үсенқызы ағынан жарылып.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз