Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Халық арнасы» халыққа не ұсынуда?

389

Қазір редакторлар мен сценарист, оператор, продюсер және PR-менеджерден құралған шығармашылық топ қарқынды жұмыс істеуде.

Төл туындылары қандай?

Әр таң сайын Халық арнаның шымылдығын ашатын «Арайлы таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызықты дерек, әлемдік ақпарат, жағымды жаңалықтан тұрады. 1 сағат көлемінде көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын таңғы шоу сан алуан тақырыпты қамтып, қазақ елінің түкпір-түкпіріне ән мен жырдан шашу шашады.

Сондай-ақ, «Бір кем дүние…» атты тұрмыстық-әлеуметтік жобасы бар. Бағдарламаның ең негізгі тірегі – адам тағдыры. Негізгі мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасыларға (әлеуметтік жағдайы төмен, жалғыз басты қарттар, аналар, сал ауыруына шалдыққан жандар) көмек қолын созу, қайырымды жандарды әлеуметтік мәселелерді бірге шешуге шақыру.

«AИNA» — өнер саласындағы танымал тұлғалардың болмысын ашуды мақсат тұтқан тележоба.

Сұхбат барысында өтетін бағдарламаның ерекшелігі – студия қонағы тележүргізуші ретінде өзіне сауал жолдап, қойылған сұраққа өзі жауап береді.

«Рухани жаңғыру: #сұраныс» хабарында Қазақстан қоғамын дамытуға ықпал ететін өзекжарды тақырыптар талқыланады. «Тұлғалар тағылымы» бағдарламасы халықтың ұлттық кодын жаңғыртуды мақсат етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз