Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Халықты жейтін банк неге «Халық банк» деп аталады?

111

Мұндай бассыздыққа төзбейтіндігін айтқан Меруерт Махмұтова ханым енді Халық банктің қызметіне жүгінуден „Құдай сақтасын„ деп отыр.

Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында жазады.

„… Жақында банк кәртішкемдегі шот есебін көріп, қатты таң қалдым. Сөйтсем, карта арқылы төлеген пәтерақымды шотымнан ақша шешіп алған секілді тіркеп, одан пайыздап банк пайда көрген. Шетел валютасын сатып алуға да қатысты тура осындай жағдай қайталанды. Кассадан евро сатып алдым, бірақ қолма-қол ақша емес, оны карточкам арқылы төлегенмін. Енді, міне Халық банк оны да картадан ақша бұзып алған секілді тіркеп, пайыздап ақы алған.

Енді маған айтыңыздаршы: 1 евро ақша айырбастау орындарында 376 теңгеден сатылып жатыр, оны мен банктен 378,8 теңгеге неменеге қымбаттырақ сатып алды дейсіз? Оның үстіне, егер банк карточка қызметіне ақы алатынын білгенде, қараптан қарап, мен бұлай желінбес едім ғой. Мәселе онда да емес. Мұны басыну дейді. Бұл жайттың менің намысыма қатты тигені соншалық, ұзақ жылдар бойы маған қызмет еткен банктің қызметінен бас тартуды жөн көрдім„ – делінеді экономика маманының жазбасында.

Жалпы, банктердің үстеме пайызды кез келген жерге тықпалап жіберетін ұятсыз әдеті бары жасырын емес. Оны біреуіміз аңғарсақ, біреуіміз білмейміз де. Ал банктің бассыздығынан қатты зардап шегіп, соттың табалдырығын тоздырып жүргендер қаншама?

Елімізде ондайлардың қатары аз емес. Сондықтан да Ұлттық банктің жанынан Қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғайтын арнайы комитет ашылған. Ипотекалық проблемалық борышкерлер үшін банк омбудсманы жұмыс істей бастады.

Ал 2013 жылдың соңы мен 2014 жылдың басында бір уақытта бір топ борышкер Каспий банкті сотқа бергенін ешкім ұмыта қоймаған болар. Бұл Қазақстан тарихында болмаған жайтқа баланған. Ол кезде борышкерлердің қарызын ақылға сыймайтын көлемге дейін қомпайтқан банктің ашкөздігін қоғам белсендісі Ермек Нарымбетов дәлелдеуге тырысқан еді. Қалай дегенмен де мұның барлығы, өкінішке қарай, әсіре өсімқор банк саласына сабақ болмаған секілді. Енді қайтпек керек?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз