Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Халыққа теңге сатып ал дейді, өзі доллар сатып алады. Ұлттық банк не істеп отыр?

Ұлттық банк мәліметтеріне жүгінсек, 2016 жылғы мамырдың басына қарай, оның қазіргі басшылығы Данияр Ақышев елдің бас банкирі болып тағайындалғаннан бері алтын-валюта қорын толықтыруда алғашқы елеулі табысқа қол жеткізген. Егер ол 2015 жылғы 1-қарашада $28,47 млрд деңгейінде болса, одан кейін ол ақпанда $26,85 млрд-қа дейін біртіндеп төмендеп, кейіннен өсу орын алып, 1-мамырға қарай $29,53 млрд-қа дейін жеткен. Бұл жағымды жаңалықтың бастауы – еліміздің орталық банкіндегі алтын активінің қараша-сәуірде 18,9 пайызға артып, $9,48 млрд-қа дейін өскені.

Сарапшылар бұл металлды 2016 жылдың бас активі ретінде атап отыр, өйткені алтын бағасы өсіп жатыр

Ал заңға сәйкес, Қазақстанда өндірілген барлық алтынды сатып алу құқығына ие Ұлттық банк, оның қорын қарқынды арттыруды жүзеге асыруда, өткен жылы оның қорын 16 пайызға арттырды. Сондықтан 2015 жылғы желтоқсаннан бері Ұлттық банктегі алтын активінің елеулі өсуі таңқаларлық дүние емес.

Ұлттық банктегі валюта активі қазанның басындағы деңгейден ($20 млрд. 490 млн.) 2,2 пайызға төмендеген, 1-мамырға қарай ол $20 млрд. 43 млн деңгейінде болған. Наруызда басталған оның өсуі сәуір де де жалғасқан. Естеріңізге салсақ, қаңтар-сәуір айларында Ұттық банк ішкі нарықтағы $2,5 млрд сомасы шамасындағы шетел валютасының таза сатып алушысы болған. Осы орайда, атап айтарлығы, ол ақпанда $474 млн. сатып алса, наурызда — $1 млрд. 236 млн., сәуірде — $830,9 млн-ды қанжығасына байлаған. Ұлттық қордың активтері де молайған, ол сәуірдің басына қарай, 1-қарашадағы деңгейден асып, тиісінше, $63 млрд. 882 млн-нан $65 млрд. 447 млн-ға жеткен.

ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта резерві (млн. АҚШ доллар/кезең соңына қарай)

tablitsa-e1463657788961

 

Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі.

Бұл жағымды динамикаға қол жеткізуге теңгенің долларға шаққандағы бағамының нығаюы да елеулі әсер еткен – 2016 жылдың басынан бері 3,6 пайызға нығайған ұлттық валюта сәуірде бұл қарқынды 4,6 пайызға жеткізген. Бұл банк салымы түрлерінде өзгертулер тудырып қана қоймай, сонымен қатар халықтың шет ел валютасын сатып алу қарқынын елеулі төмендеткен. Нәтижесінде, ақпан-наурызда жұртшылық американдық валютаны мемлекет айырбастау орындарына сатқаннан $513 млн-ға аз сатып алған.

Негізі, теңге нығайып жатқан кезде айырбастау орындары клиенттерінің әрекеті қисынға келетін. Алайда осы аптада кері тренд бой көтерді. Алдымен сейсенбі, 17-мамырдағы KASE-нің таңертеңгі сессиясында доллар бағамы 15 тиынға көтеріліп, 328,03 теңгені құрады. Алайда сәрсенбі күні оның орташа сараланған бағамы 1,95 теңгеге артып, 330,02 теңгені құраса, бейсенбі, 19-мамырда доллар 5,0 теңгеге көтеріліп, 334,89 теңгеге дейін жетті.

Мұнай бағасы артып, баррелі $50 жақындаған кезде «көк қағаздың» мұндай тосын мінез көрсетуі күтпеген іс болды

Екінші жағынан, сарапшылар 2016 жылғы республика бюджеті Ұлттық банкте  бағдарлануға тиіс доллардың орташа жылдық бағамы 360 теңге деңгейінде есептелгенін еске салады.

Қалай болса да, егер американдық валюта осындай қарқынмен өсетін болса, онда банктер мен валюта айырбастау орындары клиенттерінің қайтадан теңгеден долларға көшуі ғажап емес, әйтпесе, олар бағам айырмашылығы есебінен шығын шегетін болады. Оның үстіне, Вашингтоннан жеткен жаңалық та көңіл көншітпейді

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі 2016 жылы негізгі мөлшерлемені бір емес, екі есе өсіруі мүмкін, нәтижесінде, доллар елеулі қымбаттайды

Мақаланың орыс тіліндегі нұсқасын осы жерден оқыңыз

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз