Бұған дейін «Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлын бұрынғы әйелі «ұрды, 5 жыл бойы таяқ жедім» деп айыптаған болатын. Осыған байланысты топтың әншісі Қайрат Мырзаханов әріптесі Ғабит Бибасыұлын жақтап, жазба жариялады.
Ол тіпті досының бұрынғы әйелі Нұрила Ақбергеннің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сөзін жоққа шығарды.
«Ғабит жайлы соңғы әңгіме мүлде шындыққа жанаспайды дегім келеді. Ғабиттей алтын жігітті тиран етіп көрсетіп жатқандарды айтамын. «Бас жарылса бөрік ішінде» деп, көбіне елден бастап отбасы жағдайына айтылса керек. Қазір зорлық-зомбылық жайлы заң шыққаннан бастап қаншама әйел орынды, орынсыз бас көтеріп жатыр. Оның ішінде өтірік араласы аз емес. Бірақ ол Ғабитке мүлдем қатысы жоқ. Ғабит ешқашан бізге проблемасын айтып көрмеген және айтпайтын да жігіт. Тіпті, ол – бокстан «КМС» болса да, өзін бірінші ұрған жігіттерді сабырға шақырған мықты жігіт.
Мен бірнәрсе білемін: Ғабит өз әйелін өте қатты жақсы көрген, алақанда аялап ұстаған азамат. Ғабиттің бәрі ішінде. Бала-шағасын, ата-анасын ойлап тіс жармайды.Басыңа бақ қонсын, досым. Бәрі уақытша. Экс-хайпер келіншек уақыты келгенде бәрін түсінер. Сені дүниеге әкелген ата-анаң аман жүрсін», – деді әнші.