Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Хайп па, кайф па?”. Әншілер арзан жарнаманың қалай жасалатынын айтты

322

Қазақстанға кеше жеткен қара пиардың бұл түрін, бүгін әркім өзінше кәдесіне жаратып әлек. Бірінің асығы алшысынан түссе, хайп жасап, майып болып жатқандары да жоқ емес. Жұртты дүрліктірген бұл термин, шын мәнісінде қандай мағына береді? Осы орайда, отандық шоу-бизнес өкілдері арасында, арнайы сауалнама жүргізіп көрдік.

“Хайп дегеніміз – дәл қазір осы жерде, ең сұранысқа ие болған нәрсе”, – деп пікір білдірді Әли Оқапов.

“Ажиотаж… Хайп деген -ажиотаж”, – дейді Аша Матай.

 

 

https://kaz.365info.kz/ekinshi-ret-yjlengen-asha-matajdyn-kyjeuinin-tojda-ishi-pysyp-ketti-video-300819

“Бір нәрсені жасайсың. Сол нәрсе өте танымал болып кетеді. Соны барлығы қарайды. Сол хайп! Ол жасау бір ерекше болу керек. Сонда ол хайп болады”, – дейді Арман Қоңырбаев.

Хайп ұғымы бүгінде кеңінен насихатталуда! Кезінде жеке өмірлерін жасырып, көпшіліктің қызығушылығын оятқан Арман мен Аша да, бұл тәсілді ұтымды қолданғандарын айтады.

“Біреу сәтті деуі мүмкін, біреуі сәтсіз деуі мүмкін. Менің хайпым ол үйлену тойым ғой. Өте үлкен хайп болды. Барлық ел шулады. Ой, Арман мен Аша үйленіп жатыр екен деп. Сол өмірімдегі ең басты хайп болған шығар”, – дейді Арман Қоңырбаев.

Ал, соңғы уақытта жасалған сәтсіз хайпты «Асылдық» арулар жақсы біледі.

 

 

https://kaz.365info.kz/arman-khonyrbaev-asha-matajdyn-kozine-shop-salyp-zhyr-me-foto-275919

 

“Сәтсіз хайпке келетін болсақ. Ол жақында ғана жезөкшелерді ұрып жүрген адам. Аты-жөнін білмедім, кім екенін. Бірақ енді сәтсіз болды. Әрине, ол қалай ұнауы мүмкін?” – дейді Ақерке Бүркітбай.

Пиардың түр-түрін жатырқамайтын жұлдыздар, темірді қызған кезде соғуды қаласа керек. Хайп сөзі бүгінде ән мәтіндерінде де өріп жүр.

“Соңғы кездері хайп дегенде «Кешью» тобы көз алдыма келеді. Өйткені, олар қазақ әртістерінің арасында, алғашқылардың қатарында сияқты. Сол сөзді әнде қолданып «Кешью» сыйлайды хайп» дегендей”, – дейді Оқапов.

 

 

https://kaz.365info.kz/aj-senderdi-me-akhbota-kerimbekovanyn-kyjeui-bylkhan-talkhan-boldy-video-313005

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз