Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Хабиб екі туып, бір қалғанымыз ба?

215

Бірақ оның төбелеске деген қанішерлігін, бір сөз үшін аса құрметті спорттың қадір-қасиетін кетіретін қаскөйлігін, тек өздері ғана жеңуге тиіс, біз ғана жеңімпазбыз деп ойлайтын әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің ниетінен де байқау қиын емес.

Жақында тағы да қолына қылыш, беліне шоқпар байлап шықты. Сөзіміз құрғақ болмас үшін тамызда қазақстанда өткен әлем чемпионатына қайта оралайық.

Сол ірі жарыста Абдиманап өз шәкірті Тагир Уланбеков пен біздің жерлесіміз Жалғас Жұмағұлов арасындағы жекпе-жекті әлі әңгіме етіп келеді.

Төрешілер бұл жолы жеңісті жерлесімізге берген еді.

“Жоқ, қайдағы бір қазақ қалай жеңеді? Жеңіс Тагирдікі еді. Мен сотқа беремін” деп отыр. Бұл жекпе-жекті көрмегендіктен ештеңе айта алмаймын.

Хабибтің соңғы жекпе-жектегі “қылығынан” кейін ойланып отырғаным. Спортта жеңіс те, жеңіліс те болады.

Бірақ соның артынан шам алып шабатын, шабалатындар өте аз.

Ал мына әкелі-баланың тірлігіне қарап отырып, ешқашан “жеңілуге тиіс емес” адамды көргендей боламыз. Мұхаммед Әли де жеңілген.

Әлиден бір де кем емес ұлы боксшылар Фрезер де, Форман да жеңілген. Бірақ әзірге Хабиб те, оның әкесі Абдиманап та джентельмен, біздіңше нағыз жігіт, болмай тұр. Ал біз “Хабиб, Хабиб!” дейміз…

Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз