Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

“Гүрс етті де түк көрінбей қалды”. Зымыран тасығыштың бөлшегі құлаған ауылдың тұрғындары көзбен көргендерін айтты

Өйткені, ыстық желдің кесірінен лезде күш алған жалын бақандай 10 мың гектар аумаққа таралып үлгеріпті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

„Роскосмос„ нені жасырғысы келді?

Оның үстіне,

“Роскосмосқа” қарасты мекемеден бөлшектерді жинауға барғандар, өртті өздері өшірмек болып құтқарушыларға кеш хабарлаған. Апат салдарынан бір адам тірідей жанып кетті. Екіншісі оңбай күйіп, ауруханада жатыр.

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-06» жүк кемесі Астана уақытымен күндізгі сағат 15: 20 да ұшырылған. Оның «Союз» зымыран тасушысы 10 минуттан соң атмосфера қабатынан асқанда ажырапты. Зымыран бөлшектері Жезқазған қаласынан 60 шықырым жердегі Талап ауылының маңына түскен. Қызып тұрған қозғалтқыштар жерге түсісімен, шөпке тиіп, жалын күннің ыстығында тез таралып кеткен. Жергілікті құтқарушылар хабар кеш жеткендіктен, тілсіз жау лезде тарады деп отыр.

https://kaz.365info.kz/senatorlar-roskosmostan-shygyndy-tolykh-oteudi-talap-etti-267129

“Бізге кешіктіріп айтты. Өзіміз сөндіреміз деп ойлаған. 8 техникасы мен 20 шақты адамы болған. 2-3 сағаттың ішінде өрт 10 мың гектардан асып кеткен”, – дейді Қарағанды облыстық ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев.

Гүрс еткен қатты дауыстан ауыл адамдары қатты шошыған

Апат сол маңдағы Талап ауылының тұрғындарын әбігерге салды. Олар сағат 4-тер шамасында гүрс еткен қатты дауыстан шошыдық дейді. Араға аз уақыт салып көкжиектің қызыл жалынға оранғанын байқапты. Айтуларынша, от пен қою қара түтін де сәт санап жақындай түскен.

“Қою қара түтін басып кетті. Көбіне даладағы кеуіп тұрған шөп пен қараған жанып жатты. Өрт сөндірушілер сағат 9 жарымның кезінде ғана келе бастады. Ауылдан бірнеше азаматтар барып, түнгі сағат 3- ке дейін отпен алыстық”, – дейді Талап ауылының тұрғыны Қайрат Есенбаев.

https://kaz.365info.kz/zhezkhazganda-khylagan-zymyran-boligi-kesirinen-bir-adam-khaza-tapty-267008

Алапат өрт ажал құштырмай қойған жоқ. Апат кезінде бөлшектерді жинап алуға барған «Камазға» от тиіп, 53 жастағы жүргізушісі Юрий Хатюшин тірідей жанып кетті. Ал, оның қасындағы серігі, 49-дағы Вячяслав Тыц қазір ауруханада жатыр. Оңбай күйіп қалған оны аман алып қалу үшін облыс орталығына апару керек дейді мамандар.

“Түнгі сағат  23:00 де өте ауыр халде түсті, жансақтау бөліміне. Денесінің 45 пайызын күйік алған. Бүкіл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін санавиациямен Мақажанов атындағы клиникаға жеткізуді жоспарлап отырмыз”, – дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Зардап шеккендердің екеуі де Жезқазған қаласының тұрғындары.

Олар Ресейге қарасты мекемеде келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жүрген екен. Мамандар Қызылорда мен Жезқазған арасында жоспар бойынша жылына 20- дан астам зымыран тасығыш бөлшектері құлайтынын айтады. Барлығында шаруаны өз күштерімен-ақ тындырады екен. Тек осы жолы ауа-райынының қолайсыздығы кедергі бопты.

Дегенмен адам өліміне әкелген жағдай бойынша енді екі ел өкілдерінен құралған арнайы комиссия тексеріс жүргізеді.

https://www.youtube.com/watch?v=elmIn4oEoos

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз