Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Гүлнара Кәрімованың қорғаушылары “өзбек ханшайымын” босатуды талап етуде – БАҚ шолуы

320
Гүлнара Кәрімова

Қорғаушылар БҰҰ-дан Кәрімованың түрмеде отыруын заңсыз деп тануды сұрайды.

Құжатта көрсетілгендей,

түрмеде тұрақты түрде Гүлнара Кәрімованың құқықтары бұзылуда,

ол 2019 жылы үй қамақтан жалпы режимдегі әйелдер колониясына ауыстырылған болатын.

– 2014 жылдың ақпан айында ұрланғаннан кейін Каримова алғаш рет соттың басталуын 18 айдан астам уақыт күтті. Үш жалған сот отырысы өтті және олардың барлығы жабық есіктің артында өтті. Гүлнара өз қорғаушыларымен еркін байланыс жасау және өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істің материалдарымен танысу құқығынан айырылды, – делінген қорғаушылардың өтінішінде.

Олар Өзбекстан билігін “өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындауға және Гүлнара Кәрімованы түрмеден тез арада әрі ешқандай бұлтартпасыз босатуға шақырды”.

Құқық қорғаушылар өз үндеулерінде Батысты, атап айтқанда Швейцарияның әділет жүйесін өзбек соттарының “негізсіз” үкімдерін қабылдау арқылы әділетсіздікті қолдап отыр деп айыптады.

Үндеуде Батыстың Өзбекстандағы құқық бұзушылықтарды айыптаудың орнына заңдастыру әрекеттері Гүлнара Кәрімова сияқты тұтқындарға физикалық және психологиялық қысым көрсетуді күшейтетіні айтылған.

Швейцариялық қорғаушылар, сондай-ақ Кәрімованың балалары тергеу барысында және колонияда аналарының құқықтары бұзылғанын мәлімдеді.

Алайда Өзбекстанның Бас прокуратурасы бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды

Жаңа саяси тұтқын ба?

Еуропалық соттың қорғауындағы саяси босқын Шохрух Базаров Мәскеу полициясына жеткізілгеннен кейін із-түссіз жоғалып кетті. 34 жастағы мигранттың жақындары Шохрухты Ташкентке алып кеткені туралы хабарлама келіп түскенін айтады.

Бұл туралы оның Лазизбек есімді әріптестерінің бірі хабарлады.

– 26 мамырда, таңғы сағат 7-де, сары түсті арнайы киім киген біреу біз жұмыс істеп жатқан пәтердің есігін қақты. Есікті ашқанымыз сол еді, шамамен 7-8 полиция қызметкері кіріп, қолымызды бұрап, Мещан ауданының полиция бөліміне алып кетті. Бізді 17:30-ға дейін ұстады, кейіннен босатты. Бірақ Шохрухты қайда алып кеткендері белгісіз. Олар біздің ұялы телефондарымызды өшіріп, оларды пайдалануға мүмкіндік бермеді. Азаматтық формадағы бір адам менен: “Сіз Шохрухты қайдан білесіз, ол кім, оның қорғаушысы кім екенін білесіз бе?» деп сұрады. Біз жақсы жұмыс істедік, Шохрух ешқашан қиындықтары бар екенін айтқан емес. Казанда оның әйелі мен балалары қалды, – дейді өзбек мигранты.

Лазизбектің айтуынша, Шохрух Базаровтың барлық киімі олар жқндеу жұмыстарын жүргізген пәтерде қалған. Ол сондай-ақ, ұсталған күні Базаровты бөлек көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткенін айтты.

Шохрух Базаровпен бірге жұмыс істеп, 26 мамырда таңертең ұсталған басқа еңбек мигранттары қамауға алғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң бәрін босатқанын және Мещан аудандық полиция бөлімінде ұсталғандардың ешқайсысы қалмағанын айтты.

Ұсталды ма әлде ұрланды ма?

“Ердам” (“Көмек”) құқық қорғау ұйымының жетекшісі, Шохрух Базаровтың құқығын қорғаумен айналысқан мәскеулік құқық қорғаушы Бахром Хамроев 27 мамыр күні таңертең Ташкенттен өзбекстандықтың жоғалып кеткені туралы хабарлама алғанын айтады.

– 26 мамырда бірнеше өзбек мигранттары Мещан аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Олардың арасында Өзбекстан халықаралық іздеу жариялаған Шохрух Базаров та болды. Оны ұстау үшін ФСБ қызметкерлері тартылды. Ұсталған күні Шохрухты “Домодедово” әуежайына әкелініп, бірден Өзбекстанға жөнелтілді. Таңертең ол Казанда тұратын әйеліне: “мені Ташкентке алып келді. Енді басқа амал жоқ” деген SMS-хабарлама жіберген.

Сол күні мен Мещан аудандық сотына барып, адам ұрланғаны туралы арыз бердім. Сот қызметкерлерінің бірі маған былай деді: “Сіздің адамыңызды ФСБ және ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері алып кетті, біз сізге көмектесе алмаймыз!” – дейді Бахром Хамроев.

Құқық қорғаушы халықаралық нормаларды бұза отырып, босқын Шохрух Базаровты ұрлап, Өзбекстанға жібергеніне сенімді.

Өзбекстанның құқық қорғау органдары Шохрух Базаровты ӨР Қылмыстық Кодексінің 159 (“Конституциялық құрылымға қастандық жасау”) және 244 (“Қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіру”) баптары бойынша тағылған айыптар негізінде халықаралық іздеу жариялаған болатын.

Тіркеу және қысым

Қазіргі уақытта Хорезм облысында жанжал өршіп тұр: билік бірнеше жүздеген бизнес субъектілерінің жұмысын тексерген. Шенеуніктер тексеріс қорытындысы бойынша көптеген заңсыз қызметкерлерді заңдастырғаны туралы баяндады. Бірақ кәсіпкерлердің өздері басқаша айтады.

Хорезм облысының Багат ауданында асхана ашқан кәсіпкер шағымданып,

салық қызметкерлері заңдастырдық деген сылтауымен оны қосымша жұмысшылар алуға мәжбүр еткенін айтты

– Салық инспекциясының қызметкерлері штат кестесіне қосымша қызметкерлер мен жұмысшыларды қосуға мәжбүрледі. Ірі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, яғни кемінде 15 адам жұмыс істейтін кафелер мен мейрамханаларда штат кестесіне тек екі қызметкер бар, қалғандары “көлеңкеде” қалады. Барлық жерде бұл мәселе таныс арқылы шешіледі.

Мен сияқты шағын кәсіпкерлерді штатқа үш қызметкерден қосуға мәжбүр етті

Мұның бәрі қысым көрсету арқылы жасалды”, – дейді тамақтану орнының иесі.

Оның айтуынша, салықшылар мұның бәрі Өзбекстанның мемлекеттік салық комитетінің бұйрығы негізінде жасалып жатқанын мәлімдеген.

Ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмысшылар санын көбейтудің басқа да фактілері пайда болды. Мысалы, Сурхандария облысының кәсіпкеріне,

10 толық жұмыс орнының орнына 20 қызметкерді толық емес жұмыс орнына рәсімдеуге тура келген

– Менің он жұмысшым барлық жұмысты атқарып үлгереді. Бірақ үлкен бастықтар маған құжаттардағы он адамның орнына жиырма қызметкерді көрсетуді сұрады. Енді мен осында тұрып, жұмыс істеймін, сондықтан бас тарта алмадым. Шындығында, менің барлық жұмысымды он емес, тек сегіз адам ғана атқарады. Қалған он екі адам тек тіркеліп тұр. Олар жалақы алмайды. Олардың көпшілігі Қазақстанда немесе Түркияда, – деп түсіндіреді сурхандариялық кәсіпкер.

Қашқадария облысы Қаршын ауданындағы медициналық мекеменің қызметкері редакцияға бейне хабарлама жіберіп,

жедел медициналық көмек жүйесіндегі 19 бекетке 420 адам қабылданғанына шағымданды

Олардың көпшілігі жарты мөлшерлемеге немесе төрттен біріне рәсімделген. Оның айтуынша, Қаршын медициналық мекемесінде толық мөлшерлемемен жұмыс істейтіндер де бар, алайда олар 0,5 мөлшерлемеге рәсімделген.

Алымдар тоқтатылмайды

Сонымен қатар, түрлі аймақтардан мектептерді жөндеуге ақша жинау керектігі туралы хабарламалар келуде. Ата-аналардың айтуынша, мектеп әкімшілігі әр оқушыдан 40 мың сомға дейін жөндеу жұмыстарына өткізуді талап етуде. Кейбір көп балалы ата-аналар талап етілген соманы бере алмайтындығына шағымданып, мектептердегі алымдарды тоқтату керек деп санайды.

Редакцияға Әндіжан облысы Пахтаабад ауданы оқушыларының ата-аналар тобының атынан хат келді. Ата-аналар мектепті жөндеу жұмыстарына олардан мәжбүрлі түрде қаражат жинап жатқанын айтып шағымданған.

– Мектептің бұрынғы директорының орнына халыққа білім беру бөлімінің қызметкері Азамат Нематов келді. Қызметке кірісе салысымен, ол әр оқушыдан 40 мың сомнан жинай бастады. Біздің мектепте 1 100 оқушы оқиды,

егер әрқайсысы осындай сомнан берсе, 44 миллион сом болады (шамамен 4 200 доллар)

Мектеп жақында ғана жөндеуден өткізілді, сондықтан мектеп әкімшілігі бұл ақшаны қайда жұмсайтынына таңымыз бар. Тиісті органдар бұл жағдайды зерттеп, нақтылайды деп үміттенеміз”, – деп жазады олар.

Ата-аналар редакцияға Telegram-дағы хабарламалардың скриншотын жіберді. Онда мектепті жөндеуге ақша жинау туралы мәселе талқыланған. Хабарламалардан көрініп тұрғандай, ақша Өзбекстанның барлық мектептерінде жиналуда.

Өзбекстанның Халыққа білім беру министрлігінің өкілі Порталда бүкіл республика бойынша мектептерді жөндеу демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылатынын және министрлік оқушылардың ата-аналарынан қаражатты мәжбүрлі түрде жинауға жол бермейтінін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз