Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Гондураста президентке қарсы наразылық шерулері өтті

Алайда президенттің билікке қайта келуін қаламаған оппозиция өкілдері шаһар орталығында наразылық шеруге шыққан.

Сөйтіп, мемлекеттік нысандар мен дүкендерді шабуылдап, қоғамдық тәртіпті бұзды.

Наразы халықты тарқату үшін полиция көз жасауратқыш газ қолданды.

Оппозиция өкілдерінің айтуынша, сайлау қорытындысы бұрмаланған. Сондықтан

Хуан Орландо Эрнандес әділ жеңіске жеткен жоқ.

Енді олар дауыстардың жариялы түрде қайта саналғанын талап етіп отыр.

Айта кетейік, Гондурастағы президент сайлауы 2017 жылдың 26 қарашасында өтті. Саяси науқанның қорытындысын мойындамаған оппозиция содан бері бірнеше рет ереуілге шықты. Тіпті полициямен қақтығысты. Соңғы мәліметтерге қарағанда ереуілдер кезінде 30-ға жуық адам қаза тапқан.

Хуан Орландо Эрнандес, Гондурас Президенті:

Саяси партиялардың арасында алауыздық бар екенін жақсы білемін. Сондықтан тараптардың бір үстел басына отырып, ортақ мәмілеге келуіне бар күшіміді саламын. Бір-біріміздің пікірімізге құлақ асып, Гондурас халқын біріктіруге тиіспіз. Осы мақсатымызды жүзеге асыруға уәде беремін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз