Гондураста президент сайлауынан кейінгі бүлікте қаза тапқандар саны 16-ға жетті.
Олардың қатарында көпті сабырға шақырған тәртіп сақшылары да бар деп хабарлады шетелдік БАҚ көздеріне сілтеме жасап, “Хабар-24”.
Полиция 1700-ге жуық адамды қамауға алған.
Естеріңізге сала кетейік, Гондурастағы ереуілдер президент сайлауының қорытындысы жарияланғаннан кейін басталды. Ресми дерек бойынша, оппозиция талабымен дауыстар қайта саналғаннан кейін де, елдің қазіргі президенті Хуан Орландо Эрнандес дауыстың 42,98 пайызын, ал оппозиция өкілі Сальвадор Насралла 41,38 пайызын жинаған.