18 шілде күні мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) 27 жасқа толғанын атап өтті.
Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Мәселен, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы твиттердегі парақшасында «Канелоны» құттықтап, видео жариялаған.
Көптеген журналистер алдағы жекпе-жекте «Канелоның» басты артықшылығының бірі ретінде оның жасын атап отыр. Айта кетсек, 27-ге енді аяқ басқан боксшы отандасымыздан сегіз жасқа кіші.
«Головкин-Альварес» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» аренасында өтеді, деп жазады Sports.kz.