«Бұйыртса белбеулерді қайтарып аламыз! 2019 жылы менің промоутерім мен «Канелоның» промоутері келіседі деп сенемін. Асыға күтемін! Мексикалықтарға қазақ бокс стилін көрсетеміз!»,- деп жазды әуесқой бокста Азия ойындары мен Әлем чемпионатын жеңген қазақ боксшысы.
Айта кетейік, бүгін Лас-Вегаста кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Сауль Альварестен жеңіліп қалған еді.
40-жекпе-жегінде ол чемпиондық атағын қорғай алмай, WBC WBA (Super) және IBO чемпиондық атағымен WBC арнайы белбеуі мен The Ring журналы белбеуінен айрылып қалды.