Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Головкиннің 5 мамырға жоспарланған кездесуі өтпеуі мүмкін

Өз дереккөздеріне сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша Головкиннің кездесуі түрлі себептерге байланысты өтпей қалуы мүмкін. Біріншіден, мексикалық Сауль Альварестің орнын басатын қарсылас табу барысында біраз қиындықтар туындап тұр.

Екіншіден, жекпе-жекті ұйымдастыру үшін бар болғаны бір ай ғана қалды. Оның үстіне кездесуді Лас-Вегастан Лос-Анджелес қаласына ауыстыруы да мүмкін.

Бірақ ұйымдастырушылар да тоғыз мың жанкүйерге арналған StubHub Center спорт кешенінің билеттерін сатуға үлгере алмайды.

Сонымен қатар жағдайды IBF ұйымы да қиындатып тұр. Головкин бұл белбеуін Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуден қорғауы керек. Украиналық боксшының командасы Альварестің орнына кездесуді ұйымдастырып беру туралы өтініш білдірген.

Айта кетейік, отандасымыз IBF белбеуін соңғы рет 2016 жылы Доминик Уэйдқа қарсы қорғаған болатын. Бірақ Головкиннің промоутері Том Леффлер IBF ұйымымен келісімге келе алмады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз