Әйгілі промоутер Боб Арум: “Головкин Канелоны талқандап тастады” дейді.
Екі боксшының арасындағы екінші кездесуде мексикалық ұтып кетті. Ал Арум болса Генаның жеңгеніне шүбәланбайды.
“Головкин орта салмақтың әлемдегі үздігі. Иә, реванш көрдім. Төрешілер жеңісті Канелоның қанжығасына байлап берді. Меніңше, бұл кездесуде Гена таза жеңді” дейді ол.
Арумның айтуынша, Генаның бір салмаққа жоғары көтерілетін мүмкіндігі бар.
– 76,2 келі салмаққа дейін көтерілуіне болады, қажет деп тапса. Мұнда да біраз мықтылдар бар. Хосе Ускатеги мен Хилберто Рамирестің деңгейі Генамен тең болмаса, төмен емес. Канелоны он орайтын сойқандар бар бұл салмақта, – дейді ол.
Головкин келер жылдың көктемінде шаршы алаңға оралатынын айтқан. Мурата ертең Роб Брэнтқа қарсы кездесу өткізеді.
– Брэнтің оңайшылықпен алдырмайды. Муратаны ауыр шайқас күтіп тұр. Жеңген жағдайда оны Головкинмен кездестіруге бар күшімді саламын, – дейді Арум.
Арум айтса, қалып айтпады. Ол күнге дейін 400-ге тарта чемпиондық кездесу ұйымдастыруға мұрындық болған. Бұлардың арасында Мұхаммед Әли, Шұғар Рей Леонард, Оскар Де Ла Хойя, Мигель Котто, Мэнни Пакьяо сияқты бокстің бөрілері бар.