Жеңіліп көрмеген қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин Power 106 радиосында The Cruz Show-ға берген сұхбатында спорттық мансабын аяқтайтыны туралы әзірге ойланбағанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
– Сен жеңіліп көрмеген қалпы зейнеткерлікке шыққың келеді ме?
“Білмеймін, дәл қазір өз бабымдамын. Мен белсендімін, белсенді болып қалғым келеді. Үш-төрт немесе бес жыл бокстасатын шығармын. Кім білсін?! Әр жекпе-жектің өзіндік ерекшелігі бар”, – деп жауап берді Головкин 106 радиосының The Cruz Show эфирінде.
5 мамырда Калифорниядағы StubHub Center аренасында GGG америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жекке шығады.