Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Головкин Сондерспен күзде жұдырықтасады – промоутер

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) мамыр-маусым аралығында кездесу өткізуге келісе алмағанмен, бұл мәміле өзектілігін жойған жоқ.

Британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уорреннің сөзіне қарағанда, жекпе-жекті күзде ұйымдастыру үшін келіссөздер жүріп жатыр.

«Мен Головкиннің промоутері Том Леффлермен сөйлестім, Головкин-Сондерс жекпе-жегін күзде өткізуді жоспарлап жатырмыз. Билл қолынан жарақат алған еді. Ал Головкиннің командасы жекпе-жекті 5 мамыр күні өткізуді жоспарлаған. Бұл жекпе-жекті маусымда өткізу де мүмкін болмай тұр», – дейді ол BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

https://kaz.365info.kz/boks-bolmajdy-golovkin-alvares-revanshy-resmi-tyrde-kyshin-zhojdy-309234

«Оның үстіне Билл 23 маусымда Мартин Марреймен кездесіп, титулын қорғайды. Жеңген жағдайда, күзде Головкинмен кездесуде титулдарды біріктіру мүмкіндігі туады. Ол ауқымды кездесу болатын еді, біз оны Британияда қуана өткізер едік», – дейді Фрэнк.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз