Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегінің қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында GGG-ден жанкүйерлердің бірі туға қолтаңба қалдыруды сұрады.
Бұл туралы Today.kz хабарлады.
Ол өтінішін “Өтінемін, Гена, өтінемін” деп айғайлап жеткізген.
“Қыздар, туға болмайды (қолтаңба қоюға, – ред.), болмайды”, – деді боксшы.
Адал жанкүйері мен Геннадий Головкин арасындағы диалогты басқа жанкүйерлер видеоға түсіріп алған.
Естеріңізге салайық, GGG мен “Канело” арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.