Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Головкин мен Альварес жекпе-жегінен кейін допинг сынамаларының қорытындысы белгілі болды

“Канело” WBC ұйымымен еш байланысы жоқ болса да, Golden Boy Promotions боксшыларды VADA ұйымының допинг сынамаларын тестілеп тұрады. Еске салайық, боксшылар арасында өткен жекпе-жек тең аяқталған еді.

Головкин мен Альварестің менеджерлері 2018 жылы мамырда реванш өткізу келіссөздерін бастап кетті. Los Angeles Times мәліметінше, Головкин – Альварес жекпе-жегі PPV сатылымдары бойынша 1,3 миллион жинаған. Бұл қазақстандық боксшы үшін ең рекордтық көрсеткіш. Алайда НВО арнасы әзірше нақты сандарды шығарған жоқ.

Сонымен қатар, Головкин – “Канело” жекпе-жегі бокс тарихында билеттер сатылымы бойынша үздік үштікке енді. Невада штатының Спорттық комиссиясының (NSAC) мәліметі бойынша, бұл кездесуге 17 318 билет сатылған. Жалпы бұл билеттердің сатылымынан 27 059 850 доллар пайда түскен. Тағы 934 билет тегін таратылған. Жалпы билеттердің сатылымы бойынша қазіргі уақытта бірінші орында 2015 жылдың 5 мамыр күні өткен кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы кездесу көш бастап тұр.

Бұл жекпе-жектің билеттері 72,2 миллион долларға сатылған. Екінші орында 2017 жылдың 26 тамызында өткен Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор арасындағы кездесу орналасқан. Ұйымдастырушылар бұл шоудың билеттерін 55,4 миллион долларға сатыпты. Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы “Канелоның” пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз