Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль “Канело” Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
5 мамырға белгіленген жекпе-жек Лас-Вегаста өтетінін қазақстандық боксшының өзі хабарлады.
Бұл туралы ҚР парламенті мәжілісінің экс-депутаты Мұхтар Тінікеевке Головкиннің өзі телефон арқылы хабарлаған.
Геннадий Головкин
“Қазір ғана Геннадий қоңырау шалып, 5-мамырдағы жекпе-жектің күні белгіленгенін айтты, ол Лас-Вегаста өтеді!”, — деп жазды Тінікеев Facebook-тегі парақшасына.
https://kaz.365info.kz/golovkin-kanelo-kharymta-zhekpe-zhegi-turaly-resmi-habardyn-khashan-zhariyalanatyny-anykhtaldy-297443
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен “Канелоның” алғашқы жекпе-жегі өткен жылдың қыркүйегінде өтті.
Ол кезде 12 раундтық кездесу төрешілер шешімімен тең аяқталған болатын.
Read more: