Аталған жекпе-жек ағымдағы жылы 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты бокс кешінің тікелей трансляциясы Қазақстанда 17 қыркүйекте таңертең көрсетіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
https://youtu.be/CSM-dP6aZ20
Айта кеткен жөн, кәсіби бокстың жанкүйерлері бұл жекпе-жекті көптен бері күтіп жүр. Себебі Головкин де, Альварес те мықты панчер әрі нағыз орта салмақтың шеберлері болып саналады. Екі жақ та ол жекпе-жекті трилогияға ұласатынын жоққа шығармайды.
Альварес барлық белбеулерді алып, басқа боксшылармен кездесуі әбден мүмкін. Бұған дейін Головкин Лондон, Нью-Йорк мен Лос-Анжелес қалаларында өткен пресс-турдың видеосын жариялаған болатын. Бұдан бөлек, Головкин Мексиканың өзінде жанкүйерлерінің аз емес екенін көрсетті.