Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) өтетін жекпе-жектің шартын жария етті.
— Жекпе-жек туралы бүге-шігесіне дейін айтып беріңізші? Мүмкін әр түрлі салмақ дәрежесінде (кэтчвейт) өтетін болар? Қолғапқа қатысты қандай да бір шектеу бар ма?
— Бірден айта кету керек, бұл шынымен де орта салмақтағы, 160 фунттағы ең қызықты жекпе-жек болады. Екі жігіт те 10 унция (283,495 грамм) тартатын қолғапта жұдырықтасады. Ағзадағы сұйықтықтың орнын толтыруға (регидратация) қатысты тармақ жоқ. Бар болғаны бұл – 160 фунттағы қарапайым жекпе-жектің бірі», — деді де ла Хойя.
Дереккөз: Вaq.kz