Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Гитлердің тегі жебірей мен негр екен

144

Оны Француз императоры Бонапорт Наполеон, Бисмарк, Александр Македонский, Шыңғысхан, Ақсақ Темір және тағыда басқалар жөнінде айтылып жатқан пікірлер, талас-тартыстардан байқауға болады. Мәселен Наполеон жайында «ол француз емес, корсикандық. Корсика кезінде тәуелсіз мемлекет болған» деген секілді даулар арада талай ғасыр өтседе тоқталған емес. Сол секілді Бисмарк немесе Александр Македонский жөнінде де осы тектес айтыстар көп.

Бүгінгі күні осындай ірі мемлекет қайраткерлерін, ұлы қолбасшыларды әркім өз тегіне тартып, «оның қанында біздің де ұлттың қаны бар. Ол өзгенің емес, біздің мақтанышымыз болуы тиіс» деген дау көбейе түсті.

Ол Шыңғысханға байланысты біздің қазақы ортада да бар. «Шыңғысханның тегі қазақ, найман, керей» деген әңгімелер тәуелсіздік алғалы айтылып келеді.

Сол секілді барлас руынан шыққан атақты жиһангер Ақсақ Темірдің тегі жөнінде де түрлі алып-қашпа әңгімелер айтылып жүргенін білеміз.

Әрине, мұның бәрі түпкілікті зерттеліп, тексеріліп барып, нақты дәйектермен ғана нүкте қойылатын дүние. Ал әсіре қызыл пікірлер кейде мемлекет арасына сына қағып, дүрдараз қалыпқа жеткізетінін шындық. Демек Ұлы тұлғалар жөнінде айтпас бұрын, осыны да ескеріп алған жөн.
https://kaz.365info.kz/shyngyshan-khajda-zherlengen-nemese-najmandar-zhasagan-ylken-khatelik-271599
Десек те, әлі күнге Еуропаның дегбірін алып, түрлі тартыстарға пәрмен беріп келе жатқан бір нәрсе ол – Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына негізгі себепкер болып саналатын һәм сол қанды қасапта 40 миллионнан астам адамның шейіт болуына басты кінәлі болған Адольф Гителердің өмірі. Өмірі деу аз болар, Гитлердің түп-тамыры қайдан тарау алады, арғы тегі кім деген мәселе.

Бұған жанама ретінде «1945 жылы 30 сәуір күні Гителер у шайнап, әрі өзін-өзі атып өлтірді» деген деректің ешқандай негізсіз екенін, оның кешегі 70-ші жылдарға дейін Латын Америкасында тайран салып, өмір сүргенін растайтын түрлі болжамдар, бұлтартпас айғақтар айтылып келді. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін тап басу айту қиын.

Бірақ жақында Бельгияның «Knack» деген белгілі журналы және оның соңынан көптеген еуропалық басылымдар Гитлердің тегі жөнінде жаңа бір сенсациялық материалдар жариялады. Олардың жерден жеті қоян тапқандай жаһанға жар салып, жарыс жазуларына қарағанда,

Гитлердің арғы тегі жебірейлер мен негрлер екен. Міне қызық!

Немістердің жағасын ұстап таң қалатындай деректі алға тартқандар Гитлердің түр-тамыры аталмыш жұрттардан екенін дәлелдейтін айғақтар келтірген. Ғалымдар Гитлердің бүгінгі қалған туыстарының (39 туысы) сілекейлерін алып зерттеу жасап, олардың ДНК-ларын анықтаған. Ал зерттеудің қортындысы Гитлерде және оның туыс, үрім-бұтақтарының қанының құрамында да Haplopgroup E1b1b (Y-ДНК) сынды сирек хромосондар бар екені анықталған. Бұл немістерден гөрі Африканы мекен еткен (негізінен Марокко, Алжир, Ливия және Тунис республикалары) бербер тайпасының адамдарының қанында жиі кездесетін жайт екен. Сондай-ақ мұндай ДНК жебірейлердің ашкеназс және сефардс құрамдарында көптеп кездесетін көрінеді.
https://kaz.365info.kz/torelerdi-khorgandar-shyngyshannyn-khazakh-ekeni-daleldendi-289487

Ғалымдардың зерттеуін алға тартқан Knack журналы Гитлердің тамырларында негр мен жебірейдің қаны қатар тулап жатты дегенді айтады.

Кім білсін, бүгінгі техниканың жетілген заманында (Осындай зерттеуді Шыңғысханның бүгінге жеткен үрім-бұтағынада жасап көрсе ғой. Талай даудың беті айқындалар еді-ау) «жоқ олай болуы мүмкін емес» деп айтудың өзі қараңғылықтың белгісі болмақ.

Зерттеуді ғалымдар белгілі журналист Жан Пол Мюльдер және тарихшы Марк Верминердің бақылауымен жүргізген.

«Егер де өзінің түбі жебірейден тарайтынын білсе Гитлер қандай күйде болар еді? Кім білсін, жер бетінде таза қанды асыл бекзат-арийлер тек немістер деп қана ойлаған Гитлер алты миллион жебірейді құртқанына қуанар ма еді, әлде күйінер ме еді? Дөп басып айту қиын. Әйтеуір өзінің жебірей екеніне қуана қоймасы анық»,

дейді Гитлердің туыстарының сілекейлеріне зерттеу жүргізген Ронни Декорт.

Ақшарқат Ахметбек

Фото: Гитлердің өлер алдындағы соңғы суреті
https://kaz.365info.kz/gitler-45-shi-zhyly-olmepti-ol-83-zhas-zhasagan-khypiya-derekter-ne-dejdi-322031

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз