Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Гитлердің әйелі киген ішкиім 3600 долларға сатылды

200

Ағылшын баспасөзінің дерегінше, бұл киімді екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Гитлердің бункерінен америкалық жуынгер тауып алған.

Панталон-түрсиде EB деген жазу тоқылған, ол өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы ең сәнді ішкиім болған.

Алайда соңғы 70 жылдың ішінде бұл киім бірнеше рет сатылып, түрлі адамдардың қолында болған.

Philip Serrell сауда үйінің бағалаушысы Софи Джонстың айтуынша, Ева Браунның ішкиімі тозыңқырап қалған, бірақ әлі де жарамды күйде.

Сондай-ақ, аукционға Ева Браунның басқа да жеке заттары шығарылған еді.

_92313466_70d7b5db-2e7b-4f41-9be0-a10d4ae7bb5e

Сақинасы 1250 фунтке, ішінде қызыл түсті помадасының қалдығы сақталған күміс футляр 360 фунтке сатылды.

Ева Браунның фотосуреттері 100 фунтке сатылды, кей суреттерде ол күйеуі Гитлермен бірге түскен.

Аукцион үйінің хабарлауынша, бұл заттардың барлығын аты-жөнін жасырған Ұлыбританияның бір тұрғыны сатып алды.

Ева Браун Адольф Гитлермен 1929 жылдың қазан айында танысқан, ол кезде Ева 17 жаста, Гитлер 40 жаста болған еді.

_92313467_9d01f1e7-4892-4965-bb27-470aa22fb98a

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз