Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Гинеколог COVID-19-дың жүкті әйелдерге қандай қауіп тудыруы мүмкін екенін айтты

204
Дереккөзі: parents.ru

Бұл туралы Ресейдің бас акушер-гинекологы Лейла Адамян пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik. Оның айтуынша, жүкті әйелдерде қан айналым көлемі мен оттек қажеттілігі артады, түрлі иммундық өзгерістер болады. Сондықтан олар қауіпті топта болуы керек. Әсіресе екінші және үшінші  триместрдегі әйелдер абай болуы керек.

— Бұл вирус дені сау жүкті әйелдерге қауіпті емес. Бірақ жүрек-қан тамырлары жүйесі, тныс алу жолдары, созылмалы пневмония, диабет, нейроэндокриндік бұзылыстары мен анкологиялық аурулары бар болашақ аналарға қауіпті, — дейді Адамян.

Сондай-ақ ол вирус жұқтырған жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкеле алады деп атап өтті. Вирустың іште жатқан балаға әсері туралы дәлелдер жоқ.

— Коронавирус анықталған науқас жүкті әйелдер дені сау балаларды дүниеге әкеледі. Ананың бойындағы инфекцияның ұрыққа тікелей берілгенін дәлелдейтін жағдайлар жоқ. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін COVID-19-дың теротогендік өзгерістер тударғыны тауралы бірде бір хабарлама болмады, —деп нақтылады гинеколог.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз