Германия канцлері, Христиан-демократиялық одағының көшбасшысы Ангела Меркель сайлауда жеңіске жетті.
Ол өзінің сайлау округі – Мекленбург-Алдыңғы Померания федеративтік жерінде сегізінші рет қатарынан жеңіске жетті деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Меркель 44 процент дауысқа ие болды. Бұған дейінгі сайлауларда оған тұрғындардың 56,2 проценті қолдау білдірген болатын. Христиан-демократиялық одағының көшбасшысы өз округінде 1990 жылдан бері жеңіске жетіп келеді. Оның қарсыласы – Ляйф-Эрик Хольм 19,3 процент дауыс жинап, ІІ-орыннан көрінді.