Германияда жоғалып кеткен қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның пакеттен мәйіті табылды.
Ол бұрын Астана қаласы Сарыарқа ауданының судьясы болып қызмет еткен Айгүл Сайлыбаеваның Германияда із-түссіз жоғалып кеткенін айтып, жақындары дабыл соққан еді. Ол 2019 жылдан бері Франкфурттен 40 шақырым жердегі Бенсхайм қаласында күйеуі Александрмен, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. 5 маусымда экс-судьяның туыстары Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына арыз түсірген.
«Әйелдің денесі өткен жексенбіден қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексеріп жатыр. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді. Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды. Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды», – делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Ведомствоның дерегі бойынша, марқұмның Германияда жүрген анасы мен ағасына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды.