16 маусым күні Германиядағы Бенсхайм қаласының маңынан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті табылды. Криминалистер оның мүнрдесіне сот-медициналық сараптама жасады.
Айта кетейік, 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) оқып, кейін Астанада судья болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары ол Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуімен, қызымен және қайын енесімен бірге тұрды.
Оның қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары табылған.
«Біз төбелес болды деп ойлаймыз, әйелге шабуыл жасалды және ол өзін қорғаған болуы керек», – деді тергеуші.
Прокуратура бұл іс бойынша әлі күнге дейін бірде-бір күдікті жоқ екенін айтқан.
Сайлыбаевамен бір мезгілде оның Ресейден келген 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне алып келген. Содан бері ізім-ғайым жоқ. Қазір Жаклин әкесімен бірге.
Қазақстаннан Германияға марқұмның ағасы Қанат Сайлыбаев келді. Ол әпкесін Отанына жерлегісі келетінін айтып отыр.