Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
19
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Германияда карантин режимі жыл соңына дейін ұзартылды

Дереккөзі: Germania.One

Бұл туралы канцлер Ангела Меркель мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

— 28 қазанда қабылданған шаралар қолданылуын жалғастыруда. Әзірге 20 желтоқсанға дейін. Бірақ біз инфекция жұқтырғандардың көп болуына байланысты оларды қаңтар айының басына дейін сақтау керек деген пікірмен келісеміз, — деді Меркель.

Бірақ рождестволық мерекелер кезінде талаптар жеңілдетілуі керек.

Бес адамнан артық емес жеке кездесулерге рұқсат етіледі. Сондай-ақ билік сауда орындарына бару ережелерін қатаңдатты. Әр 10 шаршы метр алаңға бір келушіні жіберуге болады. Мектеп сабақтарына қатысты тағы бір өзгеріс енгізілді, вирус жұқтырғандардың саны көп  аймақтарда сегізінші сыныптан бастап бірнеше ауысымда оқыту режімі енгізіледі.

Германияда карантин режимі 2 қарашадан бастап енгізілген, бастапқыда ол желтоқсанға дейін жалғасады деп жоспарланған, бірақ инфекцияның таралу динамикасы қажетті деңгейге дейін төмендеген жоқ. Қазір елде мейрамханалар, барлар және басқа да гастрономиялық мекемелер жабық, тек тағамдар мен сусындарды өзімен бірге алып кетуге рұқсат етілген. Фитнес-клубтар, тату-сурет салондары, бассейндер, косметикалық және массаж студиялары, театрлар, кинотеатрлар мен концерт залдары да жұмысын тоқтатты. Бұл режим Германияда «ішінара локдаун» деп аталады, өйткені мектептер мен балабақшалар, сондай-ақ сауда орталықтары жұмыс істейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз