Германия жоғарғы соты туу туралы куәлікте “үшінші жыныс” түрі жазылуы керек деген шешім қабылдады.
Бұл туралы Ресей BBC қызметі жазды.
Мұндай бастаманы Еуропа елдерінің ішінен алғаш болып Германия көтеріп отыр. Енді аталған елдегі интерсексуалдар өздерін жұртқа еркін таныстыра алады. Биологиялық жынысын тестінің көмегімен анықтай алмаған бойжеткен сотқа шағымданған екен. Интерсексуалдардың құқығын қорғайтын белсенділер мұны “кішігірім революция” деп бағалады.
БҰҰ мәліметіне сүйенсек, жер бетіндегі халықтың 1,7 пайызы интерсексуалдар қатарына жатады. Ал интерсексуалдар дегеніміз – бойларында әйелдер мен ерлерге тән жыныстық белгілерді түйістірген адамдар. Яғни олардың жынысын дәл анықтау қиын. Дәл осы секілді құжаттағы өзгерістер АҚШ, Аустралия, Үндістан, Жаңа Зеландия және Непалда бар.