Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тұтқында болған 6 қазақтың шотына 2500 евродан өтемақы келіп түсті

123

Телеарнаның мәліметінше, 2500 евродан өтемақы алып үлгерген бізде бірнеше азамат бар. Олардың барлығы қазір Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады екен.

“Немістермен соғысқа қатысқандар ақшалай өтемақы алды, шамамен 6 адам. Оның ішінде соғыс ардагері де бар. Өкінішке қарай, өтемақы қаражаты оның шотына қайтыс болған күні келіп түсті – деді ҚР Президенті мұрағатының директоры Борис Жапаров.

Еске сала кетелік, Германия өткен жылы немістің қолында тұтқын болғандарға ақшалай өтемақы төлеу туралы шешім қабылдаған болатын. Қазақстан атынан бұл төлемге 11 адам өтініш білдірген.

Шамамен 200 мың қазақстандық фашистердің қолына түскен. Қазір олардың арасында тірі қалғандары бар ма, ол жағы тексеріліп жатыр.

– Әкем 97 жаста. Оған берілетін барлық қаражат өзіне жұмсалады. Тамағына, киіміне, еміне, денсаулығын қолдап отыруға дегендей, – дейді соғыс ардагерінің баласы Мұхит Адасов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз