Round by Round Boxing порталы атын естігінде қарсыластарының аяғы дірілдеп кететін, рингке шықпай жатып бойына үрей билететін ең қауіпті үш боксшының тізімін жасады.
Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
«Орта салмақтағы WBA, IBO, WBC және IBF белбеулері бар Головкин бокс әлеміндегі ең танымал есім. Ол ең қауіпті боксшы екенін дәлелдеді және тек қана үздіктермен жұдырықтасқысы келеді. Көптеген қарсыластар GGG-мен кездесуден қашып, атақтарынан бас тартады», – деп жазды басылым.
Головкиннің бапкері Абель Санчес келесі аптада Геннадийдің жаттығуға оралатынын және желтоқсанда өтетін кездесуге дайындалатынын хабарлаған еді.