Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Газ бағасы бір жарым есе өседі. Қалай алдын алуға болады?

Газ тасымалдау жүйесінің магистральдық желілері 75%-ға тозған (кей жерлерде 90%-ға жуық). Газдандыру деңгейі бойынша 2019 жылы біз ЕАЭО-да соңғы орынды иелендік. Сонымен қатар, ішкі сұраныстар өсуде және өндіріс, керісінше, құлдырау қаупінің алдында тұр. Мұндай жағдайда ішкі нарықтағы бағаның өсуі әлі де үлкен қауіп емес.

Сенаторлар тобы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында еліміздің газ саласының проблемаларын атап өтіп, бұл неге әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

Тапшылық таяп қалды

Сенаторлар 8 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың тауар газы тапшылығының қаупі туралы айтқанын еске алды

теңгерімді және коммерциялық тартымды газ нарығын қалыптастыру жөніндегі міндет еш шешілмей жатыр

26 сәуірде өңірлерді газдандыру мәселелері бойынша Үкімет сағаты өтті. Оған дайындық кезінде саланың жағдайы талданыпп, бірқатар проблема анықталған.

Олардың кейбіреуі ресурстық базаның жетіспеушілігінен туындайды.

— Ішкі нарықта газды пайдаланудың күрт өсуі кейінгі бес жылда тұтыну көлемінің 35%-ға (13,8-ден 18,6 млрд м3-ге дейін) өсуіне алып келді. Болжам бойынша, мұндай динамика сақталады және 2022 жылы тауарлық газ өндірісі 3,5%-ға — 24,9 млрд м3-ке дейін (25,8 млрд м3-тен) төмендейді, ал тұтыну, керісінше, 5,4%-ға — 19,6 млрд м3-ке дейін (18,6 млрд м3-тен) артады, – деп атап өтті сенаторлар.

Бұдан басқа, жер қойнауын пайдаланушылардың өзі газ өндіру мен өңдеудің жаңа жобаларын іске асыруға аса бейім емес,

шығындар көп болғандықтан, сатып алу бағасының төмен болуына байланысты кіріс аз

Парламентшілер 2024 жылдан бастап бұл тауарлық газдың тапшылығына әкелуі мүмкін деп ескертеді.

Желілер мен газ құбырлары тозған

Екінші блокта газ тасымалдау жүйесінің әбден тозуы проблемалары қамтылған.
Энергетика министрлігінің деректері мынадай:

магистральдық желілер тозуының орташа деңгейі 75%-ға жетті, ал олардың көпшілігінің нақты пайдаланылатын мерзімі 50 жылдан астам

— Бұл ретте тозудың ең жоғары деңгейі Атырау (84%) және Маңғыстау облыстарында (86%) байқалады, мұнда “Бейнеу-Жаңаөзен”, “Жаңаөзен-Ақтау” сияқты газ құбырларының күрделі жай-күйі кез келген сәтте елді мекендер мен өндірістік нысандарды газбен, сумен және электрмен жабдықтауды тоқтатып тастауына әкеп соғуы мүмкін, — деп атап өтті депутаттар.

Газ құбырларым таратуда да қиындықтар туындап отыр, бірақ айтарлықтай емес.

Тозудың орташа республикалық көрсеткіші 25%, ал Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында 45% (!)

Компрессорлық станцияның әрбір алтыншы (29 дананың 5-еуі) пайдалану мерзімі 50 жылдан асады. Сондай-ақ, жарты ғасырдан астам уақыт бойы жерасты газ сақтау ұңғымаларының негізгі қоры пайдаланылып жатыр, олардың 81%-ы қауіпсіз пайдалану мерзімінен өтті.

Сенаторлар үшінші блокта елді газдандырудың төмен деңгейінің проблемаларын айшықтап берді — бүгінде 57,7% (2019 жылы Қазақстан ЕАЭО-да соңғы орын алды). Мысалы,

парламентарийлердің пікірінше, Қарағанды облысында газдандыру деңгейі 3,5%-ға, ШҚО-да — 1,3%-ға жетті, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында газбен жабдықтау жоқ

Бұл облыстарды газдандыру мерзімдері мен жолдары түпкілікті айқындалмаған. Бұл мәселені шешуге тиіс болған “Сарыарқа” магистральдық газ құбырын салу кестеден қалып отыр.

Бекітілген баға 16 есе жоғары

Төртінші блок — тариф белгілеудің жеткіліксіз тиімді жүйесі.
Қазіргі уақытта газбен жабдықтау саласындағы тарифтерді мемлекеттік реттеу функциялары Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне бекітілген.

— Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша бағаларды келісудің, ішкі нарыққа газ өткізу көлемдерін айқындаудың қолданыстағы рәсімдері ашық емес және жер қойнауын пайдаланушыларға тең емес жағдайлар жасау, сондай-ақ ұлттық оператордың (“QazaqGaz “ҰК”АҚ) мүдделерін қолдау тәуекелдерінен тұрады. Оның үстіне,

Энергетика министрлігі бекіткен жер қойнауын пайдаланушыларға тауарлық газдың бағасы 16 есе өзгерген

(1 мың м3 үшін 601-ден 10 мың теңгеге дейінгі шекте), бұл жер қойнауын пайдаланушылардың баға қалыптастырудың күмәнді әдісіне әкеп соғады, – деп есептейді депутаттар.

Нәтижесінде газ бағасы барлық тұтынушыға әртүрлі болады.
Сондықтан, депутаттар баға белгілеудің жаңа моделін қалыптастыру уақыты келді деп ескертіп отыр. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі Экономика министрлігімен келісе отырып тарифтерді белгілеумен айналысуы керек.

Бұл ретте тарифті қалыптастыру процесі ашық болуға тиіс. Сондай-ақ, ішкі нарыққа газ жеткізу көлемін мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылды. Алайда депутаттар ішкі тұтынудың өсуі экспорттың төмендеуіне әкелетінін ескертті. Ал ішкі нарықтың бағасы экспорттық кірістер есебінен субсидияланады.

Нәтижесінде газдың ішкі бағасы орта есеппен 60%-ға өсуі мүмкін

Тұтынушылардың жаңа санатын енгізу керек пе?

Газдың негізгі тұтынушылары — жылу энергетикалық компаниялар мен коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар, олардың үлесі — жалпы көлемнің 46%-ы. Тиісінше, газдың бағасы қалған тарифтерге салынады. Тұтынудың тағы 27%-ы тікелей халыққа тиесілі.
Сондықтан әлеуметтік осал халықты қорғауға да, өңірлерді газдандыру кезінде шығындарға жол бермеуге де мүмкіндік беретін оңтайлы тетік жасау керек.

Сонымен қатар, сенаторлар

нарықтық бағаны төлеуге қабілетті ірі өнеркәсіптік тұтынушылар мен тау-кен әсіпорындары сияқты тұтынушылардың жаңа санаттарын енгізуді ұсынды

Осының есебінен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына бағаны ұстап тұруға болады.

— Тұтынушылар қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу, тарифтердің көтерілуіне жол бермеу және газ нарығы субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығын арттыру мақсатында мемлекеттің бақылау-қадағалау функцияларын күшейту талап етіледі, — деп түйіндеді депутаттар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз