Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

302

“Мен үшін Димаш Құдайбергенов – әлемдік маңызы бар феномен, ол енді қазақ әншісі емес, ол Жер шарының барлық континенттеріне тиесілі гауҺар тас. Алайда туған өлкесі – оған күш пен шабыт сыйлайтын, оның ғажап талантынының кеңеюіне, ашылуына септігін тигізетін бесік. Ол ұлы Әміренің, дала дәстүрлері мен мәдени өркениеттің жалғасы. Мұндай игілігі бар біз оны мақтан тұтып қана қоймай, сирек ұшырасатын құндылық ретінде көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Сондай-ақ, оның қайталанбас, ғажайып дарынының әрі қарай дами түсуіне барлық қолайлы жағдайларды жасауымыз керек. Мен солай ойлаймын”, – дейді Ғани Қасымов.

Димаш феномен-200217

Желі оқырмандары Қасымовтың пікірін қоштай түсті. Көпшілік оның әсерлі сөздеріне таңдай қақты.

“Оның ата-әжесі де, ата-анасы да өте қарапайым әрі мәдениетті адамдар, олар кәсіби әнші әрі музыканттар, сондықтан Димаштың үлгі алатын адамдары бар”, “Димаштың бар өмірі алда, халық әлі-ақ оған деген махаббатын білдіреді, ал ата-анасын ҚР-дың ең үздік наградаларымен марапаттау қажет”, “Сізбен қазақ халқы келіседі”, “Дұрыс айтасыз, аға”, “Осындай пікірді естігім кеп жүргелі қашан”, “Көпшілік оның қадірін түсінбеді, енді ол Қытайдағы байқауға қатысып, бүкіл елді мойындатып жатыр”, “Сіздің сөзіңізге қосарым – ол әзірге сирек кездесетін алмас тас, егер мемлекет қолдау көрсетсе ол нағыз гауһарға айналар еді”, – дейді олар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз