Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ғалымжан саған жау емес”. Гүлжан Ерғалиева танымал жазушының сөзін тыңдар ма екен?

346

Ғаббас ақсақал алыстан орағытыпты. Айтпақшы, бұл Гүлжанға жазған екінші хатына ұқсайды. Алғашқы хаттың мазмұны да осыған ұқсас-тұғын. Бірақ, бұл жолғысында бір кісіні түйрей кетіпті (оны кейін айтамыз.

“Екеуің өзара келісім табыңдар, үшінші біреулерге – сендерге жамандық тілейтіндерге күлкі болмаңдар, біріңнің қатең болса, екіншің кешіре біліңдер дедім. Сенің сондағы дұрыс сөзіңе шын сендім. Бірақ…”

депті Қабышұлы.

Мұнысы дұрыс та шығар. Ғалымжанның да, Гүлжанның да дұшпандары көп. Табалауы мүмкін. Күлкісіне қалуы да ғажап емес. Қалған да шығар…

“Сенің фейсбугыңда «Ғалымжанды құртамын!» деп қайта-қайта жазып жүргеніңді айтты. Оның не? Соттастыңдар, олар қарызды бөліп-бөліп төлейтін болды. Бір күнде төлей алмайтындарын мен де білемін.

Гүлжан, сенен тағы да өтінерім: Ғалымжандарды жамандағанды, жау болғанды тоқтатуды ойла.

Хамит аға мені інісіндей жақсы көретін. Сол ардақты ағаның аруағын қызы сен сыйла, інісі мен сыйлайын. Постарайся меня понять, Гульжан Хамит аға қызы!” депті Ғаббас ақсақал.

Айтпақшы, айта кетелік. Ғалымжан мен Қарлығаш Жақияновтар және Гүлжан Ерғалиева арасында біраздан бері ақша дауы жүріп жатыр. Гүлжанның өз ақиқаты бар. Ал Жақиянов жақ ашқан жоқ, бір білсек. Ғалымжанның өзі бұған жауап қатты деген естімеппіз.

Ақсақалдың айтуынша, екі жақтың бітімге келуіне қарсы, мүдделі емес тараптар та бар. Жазушы әлеуметтік желіде отырмайды.  Қарсылар туралы, мүдделі еместер туралы Қабышұлына Фейсбукте отыратын қаламдас інілері айтқан

“Мысалы,

Әміржан Қосановты білесіз ғой, сол фейсбугінде Гүлжан Ерғалиеваны бірыңғай мақтап, Жақияновтарды даттап жазып жүр. Меніңше, ол өйтетіні өзіне жараспайтынын ойламайды, Ерғалиеваны жақтай беруге міндетті сияқты.

Сонда Ғалымжан мен Қарлығаш Жақияновалар оған нендей жаманшылық жасады екен? Кеше ғана Ғалымжанды биліктің қиянатынан қорғасқан еді, енді бүгін биліктің сойылын соға бастағаны ма, аға, ол қалай?» деді.

Мен не дерімді білмей қалып: “Бауырым, Гүлжанның: «Ғалымжанды құртпай қоймаймын!” деп жүргенін естіп, былтыр ол қарындасыма өкінішті хат жазғанмын, ар-ұятты ақшамен есептеу жөн емесін айтқанмын.

Гүлжан екі күннен кейін телефон шалып: “Ғаббас аға, айтқаныңыз дұрыс, енді ренжімеңіз, біз өзара дұрыс келісім жасаймыз» деген. Ал сенің айтуыңша, Гүлжан тағы да «құртамдап» жазып жүрсе, оған фейсбугі бар сенімді інілерім арқылы екінші хатымды ашық жолдаймын, ал Әміржан Қосановпен шүйіркелесіп әңгімелесіп көрген жоқпын, бірақ сәлемі түзу. Ол мына шатаққа беталды кірісіп, Гүлжанды сыңаржақтана мақтап, жақтап жүрген болса, онысын өзінің арына тапсырдым” дедім”, дейді Ғаббас аға.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз