Мичиган университетінің ғалымдары көптеген ерлі-зайыптылардың не себепті ажырасатындарын анықтады.
Бұл туралы Phys.org басылымы хабарлайды.
Ғалымдардың айтуынша, ерлі-зайыптылар “арадағы қысым” деңгейі әртүрлі болғандықтан айырылысады. Яғни әйел адамның отбасылық өмірден тез көңілі қалады. Ал ер адам мұны байқамай, өзін бақытты сезініп жүре беруі мүмкін.