Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Ғаділбек Жанайдың әкесі қайтыс болды

695

Көпшілікке бұл суық хабарды әншінің әріптесі Тамара Асар жеткізді. Әнші өз парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады.

«Ғаділбек екеуміз Адайдың Жаңай деген руының Тоян деген тақтасынан тараған жақын немере ағайынбыз. «Апау» – деп маған келген уақытта мен 21-де, ол 17-де болды. Марқұм анасы өзі келіп маған «Өнердің жолында бір-біріңе бас көз болыңдар» – деп табыстырған бізді. Ғаділбек өз күшімен, өз ісімен өнердің ордасынан орнын тапқан жігіт. Мен оны інілігімнен мақтамаймын. Бойындағы мықтылығымен мақтанамын, шүкір! Бүгін Ғаділбектің әкесі өмірден озды. Маған хабарды басқалар xабарлап жеткізсе де, өзі «Апау» – деп хабарласқанда көзімнің жасын тыя алмай отырып қалдым.«Жақын-жуық, дос жаран естімей қалмасын» – деп парақшаға жазып отырмын. Шүренбай әкейдің иманы саламат болсын, артының қайырын берсін.Ғадош, мықтысың ғой, мықты бола түс! Тас түскен жеріне ауыр, барып та, жел батамызды оқып, көңіл білдіремін ғой, дейтұрғанмен қазіргі заманның әлеуметтік құралы арқылы, оқырмандар атынан да осы әулетке қарасты ағайындарға көңіл айтамын…» – деп жазды Тамар Асар.

Ғаділбек Жанайдың әкесі 93 жасында қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз