Ғабит Байжановтың Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалуы көпшілік үшін күтпеген жайт болса да, еліміздің ішкі трендтері мен саяси дәстүрді ескеретін болсақ, бұл ақылға қонымды шешім.
Осы мәселе төңірегіндегі ойын «Содружество» баспасөз клубының сайтында Жанар Төлендинова ортаға салыпты.
Қауіпсіздік кеңесі хатшылығына кімнің тағайындалатыны жөніндегі бір айдан астам уақытқа созылған қауесет әңгімелер мен болжамдар ақыры мәресіне жетті. 19-қыркүйекте бұл лауазымға «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің бұрынғы басшысы Ғабит Байжанов тағайындалды.
https://kaz.365info.kz/nazarbaev-omir-bakhi-baskharuy-mymkin-parlamentte-khandaj-zan-kharastyrylady-300951
Ендеше, аталмыш лауазымға конституциялық мәртебе беріліп, өкілеттерінің кеңейтілгеніне қарамастан, жақын уақытта оның күшеюін күтудің реті болмас. Сондай-ақ сарапшылар қауымы мен баспасөз өкілдерінің «қай саясаткердің бағы жанар екен?» деген күтілімі де ақталмады.
Қазақстандық танымал саясаттанушы, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Байжановтың Қауіпсіздік кеңесіне тағайындалуына қатысты пікір білдіре отырып, Facebook-тегі өз аккаунтында «шындап келгенде, Қауіпсіздік кеңесі 2018 жылғы 5-шілдеде осы орган туралы заң қабылданғанға дейінгі, ескі сарынмен жұмыс істеп жатыр», деп атап өтті.
«Шамасы, Қауіпсіздік кеңесі өзінің дәл осы заң анықтаған өкілеттеріне сәйкес шешім қабылдайтын орталыққа айналуы үшін біраз уақыт өту керек. Сондықтан сабыр сақтайық.
Ал Байжановтың өзіне келетін болсақ, бұл тағайындау оның персонасы мен президент көмекшісі деген мәртебесінің болашақтағы билік транзитіне ешқандай қатысы жоқ дегенді білдіреді», — дейді Чеботарев.
Ал тағы бір отандық саясаттанушы, Transparency Kazakhstan қамқоршылар кеңесінің төрағасы Марат Шибұтовтың сөзіне құлақ ассақ, Қауіпсіздік кеңесі хатшылығына сарабдал саясаткерді тағайындау элита арасындағы дау-дамайды көбейтеді екен.
«Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып, жаңа өкілеттер қосылмағандай, қайтадан саясаткер емес, күштік құрылым өкілі тағайындалды. Шамасы, бұл түрлі орталықтар арасындағы шиеленістерді жою үшін жасалғандай.
https://kaz.365info.kz/zhagdaj-bylaj-bolady-prezidenttin-ne-ojlastyrgany-bar-eken-330020
Қауіпсіздік кеңесінің жаңа өкілеттері жүзеге аса ма, мұны оның президент әкімшілігімен бөлінуі, штаттың жаңа көлемі мен бюджет көрсетеді. Сондықтан көп дүние ол жаққа қандай орындаушылар келетініне байланысты», — дейді саясаттанушы өзінің Regnum басылымында жарияланған мақаласында.
Айдың соңғы тағайындауы төңірегінде орын алған қоғамдық және сарапшылар арасындағы пікірталастың екі аспектісіне назар аударған артық болмас.
Біріншіден, жүзеге аспай қалған болжамдарды айтқан сарапшылар мен сол болжамдарды көпшілікке жеткізген БАҚ-тар атына реніш айтылуда. «Шытырман болжамдар» мен «сарапшылардың фальстарттары» қазақстандық адал саясаттанушы/саясатшы публицистің келбетіне нұқсан келтіріп, саясаттан алыс, ысылмаған көпшілік арасында артық әңгіме, тартыс тудырды-мыс.
Өкінішке қарай, кейде қарапайым, аңқау адамдарға тән осындай әңгіме өзін саясаттанушылар қауымдастығына жатқызатын адамдар тарапынан айтылады. Осы орайда, біз мынаған назар аударғанды жөн көрдік, болжам жасау – бұл сарапшылар үшін де, баспасөз үшін де өзіне назар аударудың және трафикті көтерудің алыпсатарлық құралы емес, біліктіліктің негізгі түрі.
https://kaz.365info.kz/elbasy-khatty-ashuly-ykimet-auysyp-birkhatar-akim-khyzmetinen-ketui-mymkin-sayasattanushy-329239
Саяси болжамдар – бұл, ең алдымен, саяси өмірдегі ең елеулі трендтер мен үрдістерді атап көрсетудің, сондай-ақ элитадағы күштердің орналасуын көрсету, нақты тұлғалардың әлеуеті мен болашағына баға берудің сылтауы. Түптеп келгенде, болжам – ол саяси дискурс пен жариялы саяси кеңістіктің маңызды ашық бөлігі.
Екіншіден, Қазақстандағы кадрлық ауыс-түйістер жасау принциптері алдын ала болжап білетін дүние емес. Оны, тіпті, кездейсоқтық деп атауға болады. Мұндай жағдайда болжам жасау – бекершілік, деген пікірлер де айтылуда.
Десек те, мұндай көзқараспен келісуге болмас. Өйткені мемлекет басшысы кадр саясатында басшылыққа алып отырған принциптердің әлбетте, өзінің ішкі қисыны бар. Ендеше, оларды танып, біле аламыз. Жалпылама түрде алғанда, оларды екі тармаққа жатқызуға болады.
Бірішіден, президент билік жүйесінде күштер мен шешім қабылдаудың екі бақталас орталығының пайда болуына жол бермейді. Өйткені бұл биліктің бөлінбейтінін сипаттайтын Орталық Азиядағы саяси дәстүрге қарама-қайшы келеді.
Екіншіден, мемлекет басшысының басқарушылық шеберлігінің негізгі принципі – кұрделі элиталық тепе-теңдікті ұстай білу.