Футзалдан Қазақстан құрамасы Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне жетті. Бразилиялық маман Какау шәкірттері Коста-Рика командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Алғашқы ойында қазақстандықтар Аргентина құрамасына 0:1 есебімен жол берген еді.
Қазақстанның топтық кезеңдегі ақтық ойыны 19 қыркүйек күні Астана уақытымен түнгі сағат 3-те Соломон аралдарына қарсы өтеді.