11 маусымда футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесуі өтті. Кездесу барысында қазақстандық футболшылар жылдам екі гол соғып үлгерді.
Кездесу қорытындысында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халадашта (Венгрия) Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 3:2 есебімен ұтылып қалды. Ойында 2:0 есебімен ұтып тұрған.
Жолдастық кездесуді қазақстандық футболшылар сәтті-ақ бастаған. 2-минутта Ян Вороговский баспен гол соғып, ұлттық құрама тарихындағы жылдам голдардың бірін соқты. 26-минутта Максим Самородов екінші голды соқты. Бұл екі голмен Қазақстан құрамасы жеңіске жете алмады. Бірінші тайм аяқталғанға дейін Әзербайжан құрамасы сапынан Махир Эмрели есепті қысқартты.
Руслан Балтиев бастап барған Қазақстан құрамасы бірер күн бұрын өткізген жолдастық ойында Армениядан да ұтылған еді. Ал жаңа бас жаттықтырушы Станислав Черчесов бас жаттықтырушылық қызметіне жуық арада кіріседі.