Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Футболдан Ресей құрамасы Хорватиядан жеңіліп қалды

Қараусыз қалған сол қапталдан еркін өткен Марио Манджукич соққы бағыттауға дайындалып келе жатқан Андрей Крамаричке пас асырып, голдық пас жасайды. Жартылай қорғаушының басымен бағыттаған добы Игорь Акинфеев қақпасында тулады. 60-минутта Иван Перишич гол соғуға жақын болды. Қарбаласқан сәтте ұрымтал тұстан бағытталған соққы қақпа бағанына тиіп, алаң сыртына шығып кетті. Негізгі уақыт аяқталып, командалар экстра тайм ойнады. 101-минутта бұрыштамадан асырылған допты қақпаға бағыттаған Домагой Вида гол авторы атанды.

Есеп 1:2. Ал 115-минутта Ресейліктер айып добын орындап есепті теңестірді. Гол соққан – Марио Фернандес. Есеп теңесті. Экстра таймдар нәтижесі бойынша да есеп тең болып, ойын пенальти сериясына ұласты. 120-минутқа созылған күрделі ойынның тағдырын гол соққан Марцело Брозович, Лука Модрич, Домагой Вида, Иван Ракитич шешіп кетті. Қақпашы Игорь Акинфеев 1 сэйв жасаған еді, алайда Марио Фернандес пен Федор Смолов өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Осылайша, Хорватия құрамасы ширек финалдық бәсекелерді тәмамдады.

Енді жартылай финалда Франция-Бельгия, Англия-Хорватия құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз