Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Футболдан әлем чемпионына тұрмысқа шыққан қазақстандық модель кім?

705

The Sun мәліметінше, той 2018 жылдың желтоқсанында Германияның солтүстік-батысындағы Людвигсхафен деген шағын қалада өткен.

Оған жұптың туыстары мен жақындары ғана шақырылған. 14 ақпанда Шарипова Instagram желісінде жүктіліктің жетінші айында екенін хабарлаған.

Шарипова мен Шюррленің көңіл жарастырғаны 2017 жылдың наурызында белгілі болған. Жұп бұдан екі ай бұрын Берлиндегі сән апталығында танысыпты.

“Мен оны суреттен көргенде де ол маған қарап тұрған сияқты болады. Бұл ерекше сезім” – деп жазады Шюррле Анна жайлы.

Шюррле 2016 жылдың жазына дейін лондондық модель Монтана Йоркемен көңіл жарастырып жүрген болатын.

Анна Шарипова Қазақстанда туған. Берлинде архитектура мамандығына оқыған.

Қазірде Анна модель болып жұмыс істейді және саяхат жайлы блог жүргізеді.

Шюррле жазда “Фулхэм” құрамасына өткеннен кейін жұп Лондонға көшкен сыңайлы. Анна Лондон көшелерінен көптеген сурет жариялайды.

Осы жазда Анна Нью-Йорк, Мальдивы, Мексика, Санторини және Миконоста болған.

Модель әйгілі футболшымен өмірі жайлы Ютуб желісінде влог жүргізеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз