Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Фу, мұны қалай жейді? Дөнер етінен тышқан шықты (видео)

300

Бұл жағдайдан бейхабар тұтынушылар көрсетілген жерден дөнер мен шауырма сатып алып жейді. Оның алдында ғана ол еттен тышқанның да дәм татқанын білмейді. Ол тышқанның қайда, қалай жүргені, қандай жерлермен жүріп өткені, бұған дейін не жегені бір Аллаға ғана аян.

Тышқандардың ауру тасымалдайтынын, ауруды қоздыратынын да ескерсек халық көп жүретін темір жол бекеті секілді жерлерде осындай дәмхана, дүңгіршектердің болуы өте қауіпті. Бұған дейін де дөнерден уланған жағдайлар болды.

Осыдан біраз ай бұрын кішкентай қыздың дөнер жеп қайтыс болды деген хабар тарады. Тексеріс барысында бүлдіршіннің өліміне дөнердің қатысы болмай шықты. Дегенмен де «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, мамандар ешқанай санитарлы нормаларға жауап бермейді деген күдік тудырған жерлерден, көшеде беті ашық түрде сатылып жатқан тағамдарды сатып алмауға кеңес береді.

 

Дереккөз: Қамшы порталы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз