Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Франциядағы шешендер есірткі сататын арабтарға қарсы соғыс жариялады

1819

Алғашқы оқиға 13 маусым күні түнде орын алды деп хабарлайды FranceInfo. Капюшон киген ондаған адамдар қорқор (кальян) тартуға арналған Le Black Pearl атты мекемеге шабуыл жасаған. Олардың қолында темір шыбықтар, балғалар, пышақтар пен бейсболға арналған биттер болды. Мамандандырылған полиция бригадасы көзді жасаурататын газ қолданып, ескерту мақсатында оқ атуға тырысты.

Қала прокурорының орынбасары кем дегенде он адам зардап шекті деп хабарлады. Олардың кейбірі ауыр жарақат алды. Сол түні Дижонның тағы бір ауданы Грезилде де шабуыл жасалды. Алайда ешкім қамауға алынған жоқ.

 

Қақтығысқа Шешенстанның тумалары мен есірткі сататын арабтар қатысты деп хабарлануда. 14 маусымға қараған түні Грезиль ауданында тағы бір ер адамға оқ тиіп, жарақат алды. Демалыс күні түнде Дижонда бірнеше машина өртелді.

Француздық БАҚ полицияға сілтеме беріп, қақтығыс 16 жасар жасөспірімді соққыға жыққаннан кейін болды, ол қазір ауыр жарақатпен ауруханада жатыр деп хабарлады. Осыдан кейін «Франциядағы барлық шешендер Дижонда жиналса керек».

Тәртіп сақшылары диаспораның өкілдерімен кездесті, олар шешен ұлтының өкілдерінің қақтығысқа қатысқанын растады. Полицейлерге сендерге қарсылығымыз жоқ, бірақ дижондық есірткі сатушылардың бастары бәлеге қалатыны анық деген.

Шешенстан азаматтары Дижондық диллерлерге сес көрсету үшін бірікті. Олар соққыға жығылған жеткіншекке біз сені басқа шешендерге де осылай болатынын жеткізіп бару үшін аман қалдырдық деген. Шешендер  мәселені шешіп, олардың отандастарының қауіпсіз екеніне көз жеткізбейінше  Дижонға қайтып келе береміз деп мәлімдеген.

Полицейлердің хабарлауынша,  14 маусым күні түнде қарсылас тараптар кездесу белгіледі, бірақ есірткі сатушылардың ешқайсысы келмеді. Дижонда тасымалдау құралдары өртелгеннен кейін, автобус қозғалысы тоқтатылды, ал адамдарға үйлерінен шықпау туралы кеңес берілді. Оқиға орнына 110 жандармнан тұратын мобильді жасақ келді. 16 маусым күні Дижонға Францияның ішкі істер министрінің хатшысы Лоран Нуньес келеді деп күтілуде.

Алайда жағдай шиеленісіп барады. Қолына темір шыбықтар мен суық қару алған ондаған адамдар бейнебақылау камераларына оқ атып, қоқыс бактарын өртеп, ауаға оқ ата бастаған. Кейбір мәліметтерге сәйкес, олардың саны жүзден асады.

Француз журналистері  автокөліктеріне тас лақтырды деп шағымдануда. Алайда олардың әріптестері көшеге шыққандар сыпайылық сақтап, өздерінің талаптарын білдірді деп атап өтті.

«Біз бұнда адамдарды өлтіру үшін келген жоқпыз. Біздің мақсатымыз жалғыз, ол  — есірткі сатушылар.Олар біздің біреуімізді ұрып-соқты, мұнда оларды жазалау үшін келдік», — дейді қақтығысқа қатысушылардың бірі.

Олар француздардың ыңғайсыздық келтіргені үшін өкінетінін айтты.

Жергілікті билік ұйымдастырылған топтың ішінде өміріне қастандық жасау баптары бойынша тергеу жұмыстарының  басталғанын және оның ұзақ уақыт бойы жүргізілетінін хабарлады.

Алайда жергілікті тұрғындар оларға сенбейді және әлеуметтік желілерде өз нарзылықтарын білдіруде. Олар 150 адамнан тұратын топтың қалада ашық әрекеттерге барып, ал полицейлердің қандай да бір шара қабылдамағанына, ешкімді қамауға алмағанына наразы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз