Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Франциядағы қақтығыстар: қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр

133

Бірнеше сағат бұрын Францияның Страсбург қаласының орталығында белгісіз біреу оқ атқан. Салдарынан үш адам қаза тауып, 12 адам ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккен жеті адамның жағдайы ауыр халде. Оқ атқан адам полициямен қақтығыс кезінде жарақат алғанына қарамастан, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сыртқы істер министрлігі Страсбургтің көшелерінде орын алған атыс кезінде қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығын анықтап жатыр. Франциядағы дипломаттаржергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста екені айтылады.

“Францияда жүрген азаматтарымыздың естеріне саламыз, төтенше жағдай туындаған кезде шетелдегі мекеменің және ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайттарында көрсетілген байланыстар арқылы Елшілікке дереу хабарласыңыз”, – делінген хабарламада.

Франция президенті Эммануэль Макрон елде төтенше экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жарияланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 10 желтоқсанда BFMTV эфирінде айтты.

Айта кетейік, Франциядағы тәртіпсіздіктер қазан айының ортасында басталған болатын. Халық бензин салығының қымбаттайтынына наразылық білдірген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз