Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Форбсқа енгендер де артымнан жүргірген”. Арай Әлімхан өзін сынағандарға жауап берді (фото)

787

Арай адамдарды ешқашан ұлты мен дініне қарап бөлмейтінін алға тартады.

“Жалпы адамды нәсіліне, ұлтына, дініне қарап бөлмеймін. Мен үшін барлық адам бірдей 12 мүшеден тұрады, бірдей саналы. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мінез-құлқында, тәрбиесінде және сана-сезімінде.Тұрмыста болып, ажырассам да, өзімнің ұлымның әкесін жаман демеймін. Ол жақсы адам, Құдай оған тек бақыт берсін. Жақсы болса, неге айырылыстық дейсіздер. Оған себеп көп және оны сіздердің білулеріңіз дұрыс болмас. Мені өмір бойы мәз-мейрам болып жүрген қыздар қатарынан деп ойлайтын шығарсыздар. Бұл – қате пікір, талай қиындық кешіп, тіпті өмірден түңілген кездерім де болған. Сондай кездері мені қиындықтан “шығарып” алған жандарға алғысым шексіз”, – деп жазады тележүргізуші.

Ол өздерінің бақытты екенін және таңдаған азаматының ұлына өз баласындай қамқор болып жүрген жаны таза азамат екенін айтады.

“Бар айтпағым, бұл жігітті таңдауыма – жүрек себеп. Санаммен ойласам, таңдамас едім. Өйткені қазақи ортада тұратын туған-туыстың реакциясын білемін. Өзімнің ата-анам бір жылға жуық қабылдай алмай келді. Сондықтан, бұл – нағыз жүрек қалауы.

Оның мінезі, маxаббатқа толы көзі, кішіпейілділігі мен жанының тазалығы, ой-өрісінің кеңдігі шексіз. Мені ренжітіп алуға қорқады, ұлым мен сіңілімді өзінің баласындай жақсы көріп, маған барынша көмегін беруде.

Басқа қызға қарамақ түгілі, ешкімді байқамайды да. Оның қасында мен жыртың, ол салмақты. Біз бақыттымыз, және бізге осы сезімді, жанымыздың жайлылығын кешіре біліңіздер. Сіздерге де теңіңізді тауып, жаныңызға сая болатын адам әрқашан табылсын деп тілеймін!”, – дейді ол Instagram парақшасында.

Дереккөз: NUR.KZ
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз